Перейти к содержимому
jan.123

jan.123

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

1 004

жазбалар

570

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Алдағы күндері елде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Tengrinews.kz-

Ондағылардың айтуынша, Қазақстан солтүстік-батыс циклонының әсерінде болады. Соның нәтижесінде жауын-шашын көбейейін деп тұр.

«Солтүстік аймақтарда қар, оңтүстік аймақтарда жаңбыр мен ылғалды қар болады, сондай-ақ бұрқасын күшейеді. Таулы жерлерде қатты қар жауып, көктайғақ пен тұман болады деп күтілуде», – деп хабарлайды мамандар.

Бұл – алдағы үш күнге арналған болжам.

0
0
106

Вице-министр тауар немесе қызмет үшін аударым жасаудың тиімді тәсілін түсіндірді

Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржановтың айтуынша, мобильді аударымды ұялы телефонға баланс арқылы қабылдау кейбір жеке кәсіпкерлердің ойлап тапқаны болуы мүмкін.

Фото: рixabay

«Әр клиент оның ұялы телефон нөмірін теруі керек, бұл ыңғайсыз. Клиент өзіне ыңғайлы төлем түрін таңдай алады. Өзім клиент ретінде баланс түрінде аударым жасамаймын, банк картасы немесе QR арқылы төлеймін. Оның үстіне банк картасы немесе QR арқылы жасалған төлемге кешбэк беріледі» - деді қаржы министрінің орынбасары.

0
0
107

Министр уақыт осы ауысқан күйі қалатынын айтты

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев елімізде уақыт белдеуін бірыңғай жүйеге ауыстыруға наразылықтар жайында пікір білдірді. Оның айтуынша, бұған көшу қосымша шығындарды қажет етпейді.Фото: primeminister.kz-Журналистер Мәжіліске келген Шаққалиевке шығысқазақстандықтардың ел бойынша бірыңғай уақытқа көшуге наразылық білдіріп жатқаны жайлы мәселені жеткізді. Бұған министр қабылданған қаулының енді өзгертілмейтінін айтты.«Бірінші наурыздан бастап бәріміз бір уақыт белдеуінде боламыз. Шығыс Қазақстан облысындағы азаматтарымыздың мәлімдемелері мен ұстанымдарына келер болсақ, жақында барлық аудандарда, елді мекендерде пікірін жариялаған тұрғындармен кездестік. Атап айтқанда, дәлелді базасы бар ғалымдар тобы нақты деректерге сүйеніп, бірыңғай уақыт белдеуіне көшу қажет екенін түсіндірд…

0
0
241

Министр сегізінші сынып оқушысының зорлануына қатысты пікір білдірді

Еліміздің ішкі істер министрі Ержан Сәденов Астанадағы оқушы қыздың зорлануына қатысты пікірін білдірді.

Фото: bizmedia.kz-

Сәденов осындай жағдай болғанына қынжылатынын жеткізді.

«Біз оларды анықтадық. Олар да кәмелет жасына толмағандар. Қазір қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. Кәмелет жасына толмаған 4 бала ұсталды», – деді министр.

Айта кетейік, Астанада мектеп оқушыларының сегізінші сыныпта оқитын қызды жабылып зорлағаны туралы алдыңғы күні мәлім болған еді.

0
0
206

Еліміздің жанармай құю бекеттерінде бензиннің сапасы қандай?

Жақында "Бекамен Көлік Жөндеу" ютуб-арнасының жүргізушісі Алматының сегіз жанар-жағармай бекетіндегі бензин сапасын тексерген. Олар: Газпромнефть, Royal Petrol, Asia Petrol, Sinoil, Helios, Gas energy, V-Oil және Qazaq-Oil.

"Тексеру үшін мен ОКТИС 2 аппаратын қолдандым - бензиннің октан санын тексеру үшін сертификатталған құрылғы", - деп жазыпты ютуб-арна жүргізушісі.

Ал тексерудің нәтижелері қалай болғанын төмендегі сілтемені басып көрсеңіздер болады (видео бұл сайтта көрсетілмейді, ютубтың өзіне кіру керек):

0
0
158

150 мың теңгеге ішіп-жеп, қашып кеткен

Екі ер адам дәмханада 150 мың теңгеге ішіп-жеп, төлемей қашып кетіпті.

"Осыны жариялаңыздаршы. Ақысын менен алды. Отбасымды асырау үшін күні-түні жұмыс істеймін. Осы азаматтарды табуға көмектесіңіздерші", - деп жазылған 100baksoff Instagram-парақшасында.

https://www.instagram.com/p/C2ua0lLtlPH/

0
0
200

Антикор қауіпті өңірлердегі дабыл қағу жүйесін тексеруге кірісті

Антикор сейсмикалық қауіпті өңірлерде дабыл қағу жүйесіне жұмсалатын шығындардың негізділігін зерделеуге кірісті.Антикор төрағасы Асхат Жұмағали Мемлекет басшысының жер сілкінісі туралы хабарлау жүйесіндегі жағдайды зерделеу туралы тапсырмасын іске асыру бойынша құрылымдық және аумақтық департаменттің басшыларымен жедел кеңес өткізді. Ел Президенті Алматы қаласындағы сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңес барысында Бас прокуратурамен бірлесіп бюджет қаражатының қайда жұмсалғанын анықтауды тапсырды. Осыған байланысты Агенттік қызметкерлерінің арнайы тобы шығыстардың негізділігін, мемлекеттік сатып алуды жүргізудің заңдылығын зерделеуге кірісті. Антикордың аймақтық департаменті тиісті аудиторлық тексеруге бастамашы болды. Бұдан басқа, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның төра…

0
0
235

Елордада қызылша дертін жұқтыру дерегі ересектер арасында да көбейіп жатыр

Астанада ересек адамдар арасында қызылша дертін жұқтыру дерегі 71 жағдайға дейін көбейген. Бұл туралы елорданың Бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады.Фото: vlast.kz-Бейсенова Астанада қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз деп бағаланып отырғанын айтты. Осы аптада тәулігіне 48-ге жуық жағдай тіркелді.«Қаңтар айының басынан бері елордада қызылшаның 1 029 бастапқы және 321 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 227 жұқтыру жағдайы бар. Науқастардың 68%-дан астамы – бұрын қызылшаға қарсы екпе алмағандар, бұл инфекцияның елордада таралуына әкелді», - деді Астананың бас санитар дәрігері.Соңғы аптада қызылша ауруының көрсеткіші алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,1 есеге өсті. Өткен жаңа жылдық мереке кезінде әлеуметтік қарым-қаты…

0
0
232

Екі қалада бопсалаушылар полицияның құрығына ілінді

ІІМ қызметкерлері Шымкент және Павлодар қалаларында жас бопсалаушыларды ұстады. Полицияда жастар арасында, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасында криминалитет және “ұры” идеологиясы ықпалына жол бермеу жөніндегі кешенді шаралар қабылданып жатыр. 23 қаңтарда Шымкент және Павлодар қалаларында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бопсалауларға, тонауларға, алаяқтықтарға, бас бостандығынан заңсыз айыруға қатысы бар екі жастар тобы ұсталды. Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел әшкерелеу орбитасында 18 жастан 23 жасқа дейінгі аралықтағы бес жас жергілікті тұрғыннан құралған топ болды. "Күдікті адамдар криминалдық идеологияның ықпалымен өздерінің құрдастарын оқу орындары мен жатақханаларда, сондай-ақ сауда ойын-сауық орталықтарынд…

0
0
210

Жер сілкінісіне шыдамды болуға осы нұсқа қалай?

Әлеуметтік желінің алматылық қолданушысы өз нұсқасын ұсынды.

Сазгер Айгүл Бажанова әлеуметтік желідегі жазбасында былай дейді:

"Осы ой қанша жыл басымда жүрді. Мүмкін бірдеңелерді ескермеген болармын, мүмкін не самая лучшая идея..
Әр бөлменің ішінен титан, құрыш сияқты майыспайтын металлдан осындай төрт қабырғаға жанастырып дәнекерлеп тұрғызып қойса қалай болар екен?
Глупо, да? Сосын, ысқырық іліп жүріңіздер мойындарыңызға"

0
0
413