Перейти к содержимому
jan.123

jan.123

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

1 004

жазбалар

570

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Телефонды Айжанға беріңіз!

Бүгін банктің байланыс орталығына телефон шалдым. Оператормен арадағы әңгіме:- Сәлеметсіз бе. Мен мынандай мәселемен хабарласып тұр едім.- Телефонды Айжанға беріңіз.- Не? Мен ғой - Айжан.- Айжанның өзіне беріңіз телефонды.- Мен - Айжанмын.- Сіз Айжан емессіз!- Неге?- Дауысыңыз келмейді. Айжанның дауысы - басқа. Біз білеміз. - Айжандікі қандай екен?- Ол - ересек адам. Ал сіздікі...қыз баланың дауысы!- Мен - ересек адаммын. Видеоны қосыңыз, тексеріңіз. - Видео жоқ. Айжанға беріңіз, өзімен сөйлесейін.- Мен - Айжанмыыыын! Сізбен ойнап тұрған жоқпын.- Айжанға беріңіз телефонды! - ....- Айжанға беріңіз телефонды!- Айжан өзі сізге хабарласады.Айжанмын ба, Айжан емеспін бе?!Фото: #boscoverticale - Миландағы "Вертикалды орман" тұрғын үй кешені қасында. Бұл екі үй 900 ағаш, 5 000 бұта, 11 000 шөп ж…

0
0
303

Елімізде 10 мыңға жуық азаматтың несиесі кешірілетін болды

Банкрот деп танылған 10 мыңға жуық қазақстандықтың несиесі кешіріледі.

Фотоколлаж: gov.kz

Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, былтыр заң қабылданғалы өзін банкрот деп жариялағысы келетін 86 мың азаматтан өтініш келіп түскен.

@qazaqstantv

0
0
313

Еліміздің құтқару қызметіне - 30 жыл

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағына 30 жыл

 1994 жылғы 28 ақпанда ҚР Министрлер Кабинетінің қаулысымен республикалық жедел-құтқару жасағының бірінші мемлекеттік құтқару бөлімшесі құрылды.
Осы жылдар ішінде жасақ қызметінің арқасында 7323 жедел шығу жасалды, 5787 адам құтқарылды.
Жасақта  кең бейінді мамандар, құтқарушы-сүңгуірлер, кинологтар, шағын көлемді кемелердің жүргізушілері, халықаралық деңгейдегі құтқарушылар жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда Республикалық жедел-құтқару жасағы-әлемнің кез келген жерінде ең күрделі авариялық және іздестіру-құтқару жұмыстарын орындауға қабілетті күштер тобы.

0
0
282

«Менікі шантаж ғой». Жүрсін Ерман «Бутяның» айтысқа қалай демеуші болғанын айтты

Ақын, «Айтыстың» жүргізушісі Жүрсін Ерман айтыс ақыны Жандарбек Бұлғақовқа сұхбат берді. Онда Жүрсін ағамыз көп нәрсе айтқан.Ал біздің назарымызды аударғаны кәсіпкер, саясаткер Болат Әбіловтің айтысқа қалай демеуші болғаны еді.  Алдымен 1998 жылғы айтыстағы Жүрсін Ерманның сөзі келтіріледі.«Алдына барып сөйлескенімізде Мырзатай аға екеуміз бұл жігітті де түсінуге болады екен, түсіндірсе ұғады екен, бір ауыз сөзге келместен қазақтың ұлтының өнеріне тікпеген бәйгені неғыламын деп алдарыңызға әкеп отыр. Бутя, Болат Әбілов осында қатысып отыр. Рахмет, айналайын. Бағың жана берсін. Осы жігіттің жанына үңілсек, біздің көбімізден гөрі қазақ қаны бар.Ұстазымыз Мырзатай Жолдасбек екеуміз әрі жүгіріп, бері жүгіріп, ештеңе шығара алмадық», – дейді ол сол кезде сахнада тұрып.  Ол сосын сұхб…

0
0
503

ТЖМ өз қатарындағы қыз-келіншектер туралы айта бастады

Виктория Палевич азаматтық қорғау органдарында 2009 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Астана қаласы ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығында диспетчер болып 2011 жылдан бастап жұмыс істейді. Азаматтық қорғау старшинасы Виктория Палевич «101» және «112» пультіне төтенше жағдайлар мен өрттер туралы келіп түскен қоңырауларды қабылдай отырып, гарнизонның күштері мен құралдарын шақыру орнына нақты және жедел жібереді.

t.me/qr_tjm

0
0
226

Тоқаев Өскеменде Сәулелік терапия және диагностика орталығының жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Өскемен қаласындағы Сәулелік терапия және диагностика орталығының жұмысымен танысты.Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Өскемен қаласындағы көпбейінді Онкология және хирургия орталығының базасында ашылған Сәулелік терапия және диагностика орталығына барды.Президентке жоғары дәлдікпен диагностика жасауға және онкологиялық ауруларды емдеуге мүмкіндік беретін соңғы буындағы магнитті-резонансты томография (МРТ), Elekta Versa HD желілік үдеткіші, Discovery RT компьютерлік томографы сияқты заманауи медициналық құрылғылардың жұмысы таныстырылды. Сондай-ақ Орталық радиологиялық суреттерді сақтауға және оларды тез тауып, нақты уақыт режимінде зерттеуге арналған PACS архивтеу жүйесімен жабдықталған.Көпбейінді онкология және хирургия орталығының дирек…

0
0
244

Ел тұрғындарына Еңбек министрлігі тарапынан өтемақы төленіп жатқаны рас па?

Әлеуметтік желілерде тараған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) азаматтарға өтемақы төлеп жатыр деген ақпаратқа қатысты аталған ведомство өкілдері түсініктеме берді.Фото: baq.kzӘлеуметтік желілерде қазақстандықтарға Еңбекмині тарапынан өтемақы төленетіні туралы жалған ақпарат таратылуда. Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз.Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.Азаматтардан тек ресми көздерд…

0
0
264

15 жылдан бері іздеуде жүрген павлодарлық күдікті Астанада ұсталды

Полиция 15 жылдан бері іздеуде жүрген күдіктіні ұстады.2009 жылы Павлодар полициясына жұбайының жоғалып кеткені туралы ер адам жүгінген. Оның айтуынша, ол досына кетіп, қайтып оралмаған. Жоғалған адамды іздестіру басталды, Қазақстан мен көрші мемлекеттің өңірлері бағдарланды, ол жақта жоғалған адам жайлы хабар тараған. Бір жылдан кейін көлден әйелдің мәйіті табылды.Геномдық сараптама жоғалған павлодарлықтың жеке басын растады, тергеу барысында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы жылдар ішінде іс бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді, бірақ қылмысты ашу мүмкін болмады. Тергеу басшылықтың ерекше бақылауында болды. Осы жылы жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Павлодар облысының полициясы күдіктінің ізіне түсті. Ер адам жанжалдасқанда оны тұншықтырып өлтіргені анықталды…

0
0
227

Қарағанды облысында өрт салдарынан бір үйдің 4 баласы көз жұмды

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Талды ауылында 2 пәтерлі бір қабатты тұрғын үйде 10 шаршы метр жер өртенді.

Иллюстрациялық фото: "Патриот" Telegram-арнасынан скриншот

Өрттің салдарынан 2019, 2020, 2021, 2022 жылдары туған 4 бала қайтыс болды. Өрт шыққан кезде балалар үйде өздері болған.
Зардап шеккен отбасыға жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілуде.
Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу іс-шаралары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды.
Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталуда.

https://t.me/qr_tjm

0
0
539