Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

«Менікі шантаж ғой». Жүрсін Ерман «Бутяның» айтысқа қалай демеуші болғанын айтты

Ақын, «Айтыстың» жүргізушісі Жүрсін Ерман айтыс ақыны Жандарбек Бұлғақовқа сұхбат берді. Онда Жүрсін ағамыз көп нәрсе айтқан.

Ал біздің назарымызды аударғаны кәсіпкер, саясаткер Болат Әбіловтің айтысқа қалай демеуші болғаны еді.  

Алдымен 1998 жылғы айтыстағы Жүрсін Ерманның сөзі келтіріледі.

«Алдына барып сөйлескенімізде Мырзатай аға екеуміз бұл жігітті де түсінуге болады екен, түсіндірсе ұғады екен, бір ауыз сөзге келместен қазақтың ұлтының өнеріне тікпеген бәйгені неғыламын деп алдарыңызға әкеп отыр. Бутя, Болат Әбілов осында қатысып отыр. Рахмет, айналайын. Бағың жана берсін. Осы жігіттің жанына үңілсек, біздің көбімізден гөрі қазақ қаны бар.

Ұстазымыз Мырзатай Жолдасбек екеуміз әрі жүгіріп, бері жүгіріп, ештеңе шығара алмадық», – дейді ол сол кезде сахнада тұрып.  

Ол сосын сұхбатында Болат Әбіловті қалай айтысқа демеуші болуға қалай мәжбүр еткеніне тоқталады.  

«Жамбылдың балалары базар ұстап тұр екен деп, соған бардық. Бізде керек те қылған жоқ, теріс айналып кетті. Сөйтіп жүргенде Бауыржан Қарабеков кездесті. Болат Әбіловтің орынбасары еді. Соған айтсай қысылып жатырмыз. «Көрейік» деді. Сосын сол көрейік деген сөзіне малданып, «Егемен Қазақстанға» сұхбатқа «Болат Әбілов жүлде тігетін түрі бар» деп жазып жібердім. Бауыржан телефон соғады «Болат ренжіп жатыр. Олай деп сұхбат берген жоқпын» деп. «Жарайды, онда Болат айнып жатыр деп сұхбат берейін» дедім. «Жоқ, онда келіңіздер» деді. «Менікі шантаж ғой», – дейді Жүрсін Ерман.  

 

0
0
519

Осы тақырып бойынша