Телефонды Айжанға беріңіз!
Бүгін банктің байланыс орталығына телефон шалдым.

Оператормен арадағы әңгіме:
- Сәлеметсіз бе. Мен мынандай мәселемен хабарласып тұр едім.
- Телефонды Айжанға беріңіз.
- Не? Мен ғой - Айжан.
- Айжанның өзіне беріңіз телефонды.
- Мен - Айжанмын.
- Сіз Айжан емессіз!
- Неге?
- Дауысыңыз келмейді. Айжанның дауысы - басқа. Біз білеміз.
- Айжандікі қандай екен?
- Ол - ересек адам. Ал сіздікі...қыз баланың дауысы!
- Мен - ересек адаммын. Видеоны қосыңыз, тексеріңіз.
- Видео жоқ. Айжанға беріңіз, өзімен сөйлесейін.
- Мен - Айжанмыыыын! Сізбен ойнап тұрған жоқпын.
- Айжанға беріңіз телефонды! -
....- Айжанға беріңіз телефонды!
- Айжан өзі сізге хабарласады.
Айжанмын ба, Айжан емеспін бе?!
Фото: #boscoverticale - Миландағы "Вертикалды орман" тұрғын үй кешені қасында. Бұл екі үй 900 ағаш, 5 000 бұта, 11 000 шөп жолдарымен көмкерілген. Қалада шаңды азайтып, флора мен фауна үшін орта жасайды. Әлемдегі әдемі әрі инновациялық зәулім үйлердің бірі саналады.
Журналист Айжан Көшкенованың әлеуметтік желідегі жазбасы.
