Перейти к содержимому
jan.123

jan.123

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

1 004

жазбалар

570

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытылатын болды

Фото: studylab.ruБүгін бәріміз тарихи оқиғаның куәсі болдық. Ең алдымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт мырза Тоқаевқа, сонымен қатар ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат мырза Нұрбекке, Ұлыбританиядағы Қазақстанның елшісі Мағжан мырза Ілиясовқа осы бастаманы жүзеге асыруға мұрындық болғаны үшін зор алғыс айтамыз! Естеріңізде болса, тарихи сәт 2023 жылы Оксфорд университеті Азия және Таяу Шығыс орталығының жетекшісі Лейла Наджафзаданың Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына “Нархоз” унивеоситетінің ректоры Мирас Мұхтарұлы Дәуленовтың кеңесімен келуінен бастау алған еді. Институт ұжымымен кездесіп, тілтанушы ғалымдар еңбектерімен танысып, Оксфордтағы ғылым жолына түскен студенттерді Тіл білімі институтының ғалымдары ғана оқытуы керек деп тұжырымдап кеткен еді Лейла Наджафза…

1
0
363

ШҚО-да жер сілкінді

Жер сілкінісі Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында сезілді.
undefined
ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 24 сәуір сағат 11:19-да жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 760 км жерде орналасқан.
ШҚО-ның Зайсан ауданына қарасты Тасбастау ауылында жер сілкінісінің сезілуі 2 балл болды.

0
0
287

Қазақстан ТМД елдері арасында такси бағасының қымбаттығы жөнінен бірінші орында тұр

Елімізде такси тарифі - 1 шақырымға $0,67 (шамамен 300 теңге). Осылайша Қазақстан талдау жасалған 95 елдің арасында 73-орында тұр.
undefined

Фото: sputnik.kz

Сол тізімде ТМД елдері арасында Қазақстаннан кейін тұрғандар:

Әзербайжан – 79-орын (шақырымына $0,59);

Ресей – 85-орын (шақырымына $0,32);

Беларусь – 87-орын (шақырымына $0,31);

Армения – 89-орын (шақырымына $0,3);

Өзбекстан – 93-орын (шақырымына $0,3).
Ең арзан такси Мысырда ($0,2), ең қымбаты Швейцарияда ($4,4).

Ал ең қызығы, ТМД елдері арасында ең арзан бензин бізде екен, бірақ таксиіміз қымбат.

https://t.me/NRG_monitor

0
0
344

Су тасқыны кезінде эвакуацияланған адамдардың 31 мыңнан астамы үйлеріне қайтты

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10.00-дегі ақпарат:

Республика бойынша 31112 адам өз үйлеріне оралды. 8 566 адам, оның ішінде 3 718 бала эвакуациялау пункттерінде.

5677 тұрғын үй мен 2584 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 11,7 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,5 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

Жедел желі телефонына 2 205 қоңырау түсті.

0
0
305

«Атырау Жарық» жарық бағасын өсіруге өтініш берді

undefined

«Жұрт суға кетіп жатқанда, «Атырау Жарық» АҚ-ның монополистері 24 сәуір күні сағат 11-де қарбалас шақты пайдаланып, электр қуатының тарифін екі есе дерлік көтеру мәселесін жария түрде талқыға салмақ. Құрметті тұрғындар, міндетті түрде барыңыздар.

Компанияға халық төлейтін ақша мүлдем жетпей жатыр екен», - деп жазады @egovpress.

0
0
322

Салтанат өлетін күні кешке Бишімбаев «Юлия супер» дегенмен телефонда хат жазысқан

Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысында оның телефонын тексеру жалғастырылды. Онда экс-министр Салтанат Нүкенова қайтыс болатын күні басқа әйелдермен хат жазысқан.Өткен жылдың 9 қарашасында блогер Гүлнар Насырбекова Бишімбаевқа WhatsApp арқылы жазған. Ол екеуі сол күні мейрамханада жарнама жөнінде сөйлесу үшін кездесуге келіседі.Насырбекова экс-шенеунікке фотосурет салып: «Айтқандай, сенен раушан гүлінің иісі шығып» тұр деп жазған.Бишімбаев сол күні кешке телефон кітапшасындағы «Юлия супер» деген біреумен де хат жазысқан. Айыпталушы бұл өзінің жеке басына ғана қатысты екенін айтып, хаттарды оқымауды сұрады. Алайда судья оны оқып берді.Онда былай деп жазылған.«19:07 Бишімбаев: Жағдайың қалай?Юлия супер: Бәрі жақсы. Өз жағдайың қалай?19:24 Бишимбаев: Не істеп жатсың. Қо…

0
0
370

Елімізде болашақ көлік жүргізушілеріне арналған ережелер қиындатылды

Қазақстанда көлік құралдарын тіркеу және жүргізушілерді даярлау ережелері өзгерді.2024 жылдың 23 сәуірінен бастап еліміздегі мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары автокөлікті тіркеу кезінде оны сатып алу-сату келісім-шартының нотариалдық куәлігін міндетті түрде қабылдайтын болады.  Бұл жағдайда келісімнің жазбаша нұсқасы алып тасталады.Бұл өзгерістер мемлекеттік қызметтерді көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.Егер азаматтар қайта тіркеу үшін автокөлікті сатып алу-сату келісім-шартын нотариалдық тұрғыда куәландырғысы келмесе, екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы көлікті онлайн түрде қайта рәсімдей алады.Сонымен қатар 23 сәуірден бастап жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер емтиханды тек автомектепті бітіргеннен кейін ғана тапсыра алады.  А және…

0
0
421

Су тасқыны болған аймақтардағы 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК көлемінде төлем алған

11 мыңға жуық отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш (369 200 теңге) мөлшерінде төлем алды. Бұл туралы бүгін еліміздегі су тасқыны жағдайына қатысты Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.
«Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Оған қосымша тағы 150 айлық есептік көрсеткішке дейін төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады. Сондай-ақ кәсіпкерлердің шығындары өтеледі.
Азаматтарға айтатыным, сабырлық сақтаныңыздар. Ешкім де көмексіз қалмайды. Бұл мәселелердің барлығы Президенттің және менің жеке бақылауымда», - деді Үкімет басшысы.

@qazaqstantv

0
0
240