Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Су тасқыны болған аймақтардағы 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК көлемінде төлем алған

11 мыңға жуық отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш (369 200 теңге) мөлшерінде төлем алды. Бұл туралы бүгін еліміздегі су тасқыны жағдайына қатысты Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.
«Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Оған қосымша тағы 150 айлық есептік көрсеткішке дейін төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады. Сондай-ақ кәсіпкерлердің шығындары өтеледі.
Азаматтарға айтатыным, сабырлық сақтаныңыздар. Ешкім де көмексіз қалмайды. Бұл мәселелердің барлығы Президенттің және менің жеке бақылауымда», - деді Үкімет басшысы.


@qazaqstantv

0
0
241

Осы тақырып бойынша

Су тасқыны болған аймақтардағы 11 мыңға жуық отбасы... - Yvision.kz