Перейти к содержимому
jan.123

jan.123

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

1 004

жазбалар

570

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Еліміздің батысында халықаралық әскери оқу-жаттығу басталды

Маңғыстау облысында бүгін басталған «Бірлестік-2024» аймақтық халықаралық оқу-жаттығуына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжанның әскерилері қатысуда. Фото: gov.kzСоғыс ойындары бес ел жауынгерлерінің қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операция дайындап, соны жүргізуді пысықтауына арналмақ. Оларды «Оймаша» полигоны мен Тоқмақ мүйісінен екі шақырым жердегі теңіз аумағында өткізу жоспарланған. «Оқу-жаттығуға 4 мыңға жуық әскери қызметші және 700-дей қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылады. Тактикалық эпизодтар жердегі және әуедегі барлау топтарының, теңіз арнайы күштерінің, армиялық және майдандық авиация экипаждарының, әскери кемелер мен катерлердің, артиллериялық есептоптардың, шабуылдаушы және танк бөлімшелерінің қатысуымен өтеді», - делінген Қорғаныс…

0
0
518

Тоқаев Си Цзиньпинді әуежайда қарсы алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайында қарсы алды.«Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті. Балалар Төраға Си Цзиньпин бастаған ҚХР делегациясына ілтипат білдіріп, қытай тілінде ән шырқады», – деп хабарлайды Ақорда. Бұл сапар барысында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіліп, маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған.Си Цзиньпин осы жолы Тәжікстанға да мемлекеттік сапармен бармақ.Айта кетейік, 3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті өтеді. Осы жиыннан кейін ШЫҰ-ға ротациялық тәртіппен Қытай төраға (…

0
0
349

Әлеуметтік қордан азаматтарға 50 мың теңгеден төленетіні рас па?

1949-1998 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына осы жылдың 26 маусымынан бастап белгісіз әлеуметтік қордан 50 000 теңге аударылатыны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз.Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз.Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз.Қазақстан Ре…

0
0
622

Балқаш ыстық күнде сусыз қалды

Бұған қаланы сумен қамтып отырған басты сорғы станциясындағы апат себеп.

Балқаштың басты сорғы станциясында май айырғыш күйіп кетіп, трансформатор мен терең ұңғымадағы құрал істен шыққан. Осының салдарынан қалаға, Балқаш станциясы мен Қоңырат ықшамдауданына су беру уақытша тоқтатылды.

Апат зардаптарын жою жұмыстарына 16 адам мен 8 техника жұмылдырылған. Қала әкімі Сапар Сатаев әлеуметтік желіде жағдайды жеке өзі бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

Қазір басты резервуарға су толтырылып жатыр.  

«Ауыз су беруді 14:00-ге, апат зардаптарын жою жұмыстарын аяқтауды 21:00-ге жоспарлап отырмыз», – деді әкім.

Сондай-ақ ол ауыз судың әзірге көлікпен тасылатынын, оны кей тұрғындарға жоғары қабаттарға жеткізіп беруге еріктілер көмектесетінін айтты.  

0
0
521

ҰҚК тікұшағы Қазақстан-Қытай шекарасында өте жайсыз қонды

Оқиға сәрсенбі күні Достық бекетіне жақын маңда, Қытай аумағында болған.

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тікұшағы Қазақстан-Қытай шекарасында қиын жағдайға ұшырап, жайсыз қонды.

Құдай сақтап, адамдар дін аман. Яғни экипаж мүшелері зардап шекпепті. Бірақ тікұшақ оқиға орнынан әкетілмеген.

t.me/orda_kz

0
0
483

Шымкент тұрғындары Қошқаратаға түсіп, ыстық күннен қорғанып жүр

Шымкент тұрғындары 40 градус ыстықтан қорғанудың жолын өзен-сулардан іздеп әлек.

Осы тұрғыда Қошқарата өзеніне шомылу үшінші мегаполистің көп халқы үшін жазда демалудың дәстүрлі амалына айналған.

Тұрғындар бұл өзеннің суы ыстық күнде адамды бір сергітіп тастайды деп отыр.

t.me/otyrarkz

0
0
519

Тоқаев АЭС салуға қатысты референдумның қашан өтетінін айтты

⚡️«Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылуда. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек.
Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертеңгі БАҚ қызметкерлері күніне орай сөйлеген сөзінде.

t.me/aqorda_resmi

0
0
311

Президент БАҚ қызметкерлерін ертеңгі кәсіби мерекесімен құттықтады

Ертең 28 маусым - елімізде БАҚ қызметкерлерінің күні. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы кәсіби мерекеге орай құттықтау сөз сөйледі. «Көпшілігіңіз үшін журналистика – жай ғана мамандық емес, жүрек қалауыңыз. Нағыз журналистер әсіре әуестіктен, бос сөзден және әлеуметтік желіде өзіне-өзі масаттанудан ада болады. Олар әрдайым оқиғаның ортасында жүреді. Халықты алаңдататын өзекті мәселелерді көтеріп, мазмұнды материалдар әзірлейді. Дәл осындай белсенді әрі пайдалы іс атқаратын тілшілер қауымы отандық журналистиканың бет-бейнесі саналады. Олар еліміздің өркендеуіне зор үлес қосып келеді. Қазір жаңа медиа дәуірі басталды. Бұқаралық ақпарат құралдары жасанды интеллект технологиясын тиімді пайдаланып жатыр. Мұны шын мәнінде жаңашылдық пен жасампаздықтың көрінісі деуге болады. Әр адам…

0
0
382

Алматыда тұрғын үйдің жоғары қабатынан құлап өлген әйел туралы жаңа дерек айтылды

Бүгін ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Алматыда биіктен құлап өлген әйелге қатысты түсініктеме берді.

Қожаевтың айтуынша, марқұм Қырғызстан азаматы болған. Ол жақында тұрғын үйдің жоғары қабатынан құлап кетіп, қаза тапты.

"Оның мінез-құлқында өзгешеліктер болыпты. Психикасы дұрыс емес. Тергеу жүргізіліп жатыр. Жай-жапсары анықталады", - деді министр орынбасары.

0
0
258

Өз халқын сорлы қылып көрсетуден бірінші орын беруге болады

Шанхай кинофестивалінде «Алтын кубок» алған «Талақ» фильміі туралы жазбаКешелі бері мына кино Қытайдан жүлде алып келіпті деп жатыр. Олар не үшін бергенін білмеймін жүлдені, бірақ мына суреттерге қарап бұл киноға қазақты қорлаудан бірінші орын беруге болатын шығар деп ойлап отырмын.Б.Майлиннің «Талақ» әңгімесі Айдарбек пен Зейнептің арасындағы сезім мен діни ұғымның, түсініктің арпалысуы туралы. Айдарбек ашу үстінде әйеліне «Атаңа нәлет! Сен не қылмадың... Қараңды батыр, кет! Мен сенен талақ!» - деп айтып қалады. «Құдай! Құдай! Не жаздым құдай!» - деп Зейнеп өкіріп жылайды. Бірақ артынан Айдарбек өкінеді. Екеуі де қиналады. «Ашумен кісі не айтпайды, ашумен айтқан сөзді періште жазбайды» деп, сол күні кешкісін-ақ екеуі татуласады. Болды.Әңгімедегі кейіпкерлер мына кинодағы сияқты ел көрмей…

0
0
348