Мазмұнға өту

Тоқаев АЭС салуға қатысты референдумның қашан өтетінін айтты

⚡️«Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылуда. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек.
Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертеңгі БАҚ қызметкерлері күніне орай сөйлеген сөзінде.

t.me/aqorda_resmi

0
0
312

Осы тақырып бойынша