Перейти к содержимому
jan.123

jan.123

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

1 004

жазбалар

570

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Көкшетауда тоқсанға таяған әже жалғыз өзі пәтерінде құлап қалған

Көкшетауда 87 жастағы әже құтқарылды.

undefined

1937 жылы туған зейнеткер өз пәтерінде құлап, тұра алмай қалады.

Ал оған қарап жүрген әлеуметтік қызметкер кілттің болмауына байланысты пәтерге кіре алмай, Көкшетау қаласы Жедел құтқару жасағының қызметкерлерін көмекке шақырған.

Құтқарушылар есікті ашып, еденде жатқан әжейді орнынан тұрғызды. Құтқарушы Асан Бекжан зейнеткерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

https://t.me/qr_tjm

0
0
446

Президент бүгінгі айтулы күнге орай жазба жариялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады.
undefined

"Біз жыл сайын 31 мамыр күні өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз.
Мемлекетіміз қуғын-сүргіннен жазықсыз жапа шеккен жандарды ақтау, төл тарихымыздың ақтаңдақ беттерін объективті әрі тыңғылықты зерделеу жұмыстарына баса мән беріп отыр.
Біз өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек. Сонда ғана кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, әділетті мемлекет және өркениетті қоғам құру жолындағы биік белестерді бағындыра аламыз", – деп жазды Президент.


t.me/aqorda_resmi

0
0
594

50 мыңдық петиция утилалымды алып тастауға ықпал ете ала ма?

Белгілі журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желіде осыған қатысты ойын жариялады.Фотоколлаж: Azattyq RuhyСу жаңа SANTA FE-ге сынып жүргенімді білесіздер. Қалтамда көк тиын болмаса да өткенде салонға бардым. Миллионерлер сияқты маңғаздана кіріп, менеджердің алдына жайғастым. Ақырын ғана аузымды жыбырлатып, паңдау образбен прайс сұрадым.SANTAFE-нің ең арзаны 19 млн, қымбаты 27 млнға жетер-жетпес екен. Тым қамбат, бұл соманы қалтам көтермейтінін іштей біліп тұрсам да сыр білдірмеді-ей сабазың! “Толық комплектациясы бар ма? Қолма-қол ақшаға аламын” деп қойып қалдым. Менеджер жігіт жүзіме бір қарады да: "Кешірерсіз, қазір дайын көлік жоқ. Жаңа модель болғасын Кореядан келіп жатыр. Әлі кіргізіп үлгермедік" деді. "Сонда бұл Қазақстандікі емес пе?" деп дауысымды көтере сөйледім. "Жоқ, SANTA FE Коре…

0
0
443

Белгілі ақын филология факультетінің деканы болды

Ақын Серікзат Дүйсенғазы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ENU) филология факультетінің деканы болып тағайындалды. Бұл туралы осы ЖОО-ның Instagram-дағы парақшасында жазылды. Тәжірибелі маман 22 жылдан бері ENU қабырғасында еңбек етіп келеді.Серікзат Дүйсенғазы осы университеттегі еңбек жолын 2002 жылы қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып бастады. Ол кейін доцент, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.Серікзат Дүйсенғазы филология факультетінің деканы қызметіне тағайындалғанға дейін ENU «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының меңгерушісі болды.Филология ғылымдарының кандидаты 100-ге жуық ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектердің, сондай-ақ Web of Science және Scopus деректер қорындағы мақалалардың авторы.Серікзат Дүйсенғазы 2…

0
0
388

"Керемет бала күтуші" қайтыс болды

Ресейлік белгілі актриса Анастасия Заворотнюк қайтыс болды. Бұл туралы оның Instagram-дағы ресми аккаунтында жазылды.

undefined

"Бұны түсіну мүмкін емес. Сөз тауып айту да өте қиын. Бүгін түнде біздің Настя ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болды. Оған жақсылық тілеп, денсаулығы үшін дұға жасаған және соған сенген әр адамға алғыс айтамыз. Настя әрдайым сіздердің қолдауларыңызды сезінді әрі қатты бағалады", - делінген жазбада.

Көпшілікке негізінен "Керемет бала күтуші" ("Моя прекрасная няня") сериалы арқылы танылған Анастасия Заворотнюк мидағы қатерлі ісікпен алты жылға жуық уақыт бойы күресіп келді. Бұл дерт одан 2018 жылдың күзінде кіші қызын босанғаннан кейін анықталған.

0
0
732

“Qarmet” АҚ нысандарында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтар әшкере болды

ІІМ өңірлердегі өнеркәсіп орындарына криминалитет өкілдерінің ықпалын болдырмау, тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлаумен айналысатын қылмыстық топтардың әрекетіне тосқауыл қою бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Биыл Теміртауда үш рет “Қауіпсіз қала” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Оның барысында бұрын жасалған 23 қылмыс ашылды, іздеуде жүрген 9 қылмыскер ұсталып, 3,7 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Соның нәтижесінде 2024 жылы кәсіпорындарда жасалған ұрлық саны шамамен 46%-ға азайды. “Qarmet” металлургиялық компаниясының нысандарында ұрлық және оның қызметкерлеріне қатысты басқа да ауыр қылмыстар жасаған бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолы кесілді. Өткен жылдың наурыз айында “Qarmet” АҚ-ның металл өнімдерін ұрлауды жолға қойған 40 адамнан тұратын ұйым…

0
0
295

Елімізде бүйректі айқас трансплантациялау отасы алғаш рет жасалды

Қазақстанда тұңғыш рет А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының базасында басқарма төрағасы, профессор Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен ересек пациенттерге бүйректі айқас трансплантациялау жүргізілді.Айқас трансплантация – бұл кем дегенде екі сәйкес келмейтін жұптан, айқастыру арқылы ағзаны қондыру. Бұл операция донорларды алмастыру қағидаты бойынша орындалады: егер туысқан донор реципиентке медициналық көрсетілімдер бойынша сәйкес келмесе, сондай проблемасы бар басқа донор таңдалады.Дүние жүзіндегі, атап айтқанда, біздің еліміздегі донорлық ағзалардың тапшылығы жағдайында альтруистік донорлық, АВО-сәйкес келмейтін, бүйректі айқас трансплантациялау балама болып табылады.Қазір біздің республикамызда да осындай операциялар практикаға енгізілді. Айқас трансплантация екі…

0
0
310

Былтыр Грузияда кісі қолынан қаза тапқан қазақстандық журналистің жылдық асы берілді

Осыдан бір жыл бұрын досым, әріптесіміз Жанбота Төлеген Грузияда жауыздың қолынан қаза тапқан еді. Ойламаған жерден төбемізге жай түскендей бұл жағдай тек жақындарына емес, Жанботаны танитын барша жұртқа өте ауыр соққы болды.Бір жыл көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Бұл уақыт ішінде Жанботаны өлтірген қылмыскер Грузия азаматы Габриэл Хохобашвили ұсталып, соты да өтті. Ол бар болғаны 11 жылға сотталды. Бұл жауыздықпен қаза тапқан Жанбота өлімі үшін әділ жаза болмады, әрине. Өйткені қылмыскердің Жанботаны қасақана алдына ала ойластырып, ақшасын алу мақсатында өлтіргені дәлелденген жоқ. Дегенмен, Құдайдың алдында жауап беретіні белгілі. Өткен жексенбіде Жанботаның рухына арнап туыстары Астанада асын берді. Қабыл болсын. Артында қалған жалғыз туған сіңлісі Ботагөз Төлеген шырылдап жүріп, қолынан…

0
0
581

Астанада аурухананың жағдайы ауыр халде

undefined

"Бізге оқырмандарымыз елорданың №1 ауруханасынан осындай фотосуреттер жіберді. Төбесінен су ағып жатыр дейді. Қазір жауын салдары жойылуда. Күрделі жөндеуге дайындық жасау үшін тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазады Astanovka98.

0
0
334

Шетелдік қылмыс әлемінің Қазақстанға ықпал ету әрекетіне тосқауыл қойылды

Қазақстанның құқық қорғау органдары шетелдік криминалитеттің ықпал ету әрекеттерін тоқтатты.Ірі транзиттік маршруттардың болуы және мемлекеттің тұрақты дамуы шетелдік инвесторларды ғана емес, шетелдік криминалитет өкілдерін де қызықтырады. Ішкі істер министрлігі ҰҚК және Бас прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық ортада, оның ішінде Қазақстаннан тыс жерлерде болып жатқан процестерді тұрақты бақылау және қадағалау нәтижесінде шетелдік криминалитеттің кез келген әрекетіне уақтылы және жедел түрде тосқауыл қояды. Өткен жылы Қазақстан аумағына жақын шет елдерден кірмек болған қылмыс әлемінің төрт өкілінің әрекеті тоқтатылған. Ал биыл 19 мамырда Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және ҰҚКД жедел мәліметтер бойынша қылмыстық ортада “заңдағы ұры” а…

0
0
349