Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңа өмір

Алматы – Өскемен поиызының жүруіне 10 минуттай қалған. Мен асығып, үстімнен терім ағып үлкен сөмкемді зорға 13 вагонға дейін көтеріп әкелдім. «Жұқа киімді киген дұрысрақ еді» деген ой басыма келіп, күліп жібердім. Шолақ шалбар, жеңіл жейде, «бұданда жұқа киім болама?» деп, ойладым ішімнен.  Маусым айынын соңы, күн ыстық, не жел де, не бұлт та жоқ.  Бір айға кетіп барамын, азғантай киім алсам да ештене етпес. Сабағым бітіп, туыстарыма барып бір демалайын дедім.

Орныма жеткенде сөмкемді жүк салатың жерге салып, маңдайымнан терімді сүрте отырдым. Қасымдағы орынға ешкім әлі келмепті, бос болып қалаберсе екен деп ішімнен тіледім. Бірақ бес минуттан соң бұл жерге жасы отызға таяу бір жігіт келді. Беліне таққан кішкентай ғана сөмкесі бар, басқа жүгі жоқ, мені таң қалдырды.

-         Өскеменге жеткізіп тастайсын ба?

-         Жолын көрсетсеніз жеткіземін, деп әзілін қолдадым

Аты Дулат екен. Арық я болмаса сезім емес. Жасы 30-35 шыгар, жай ғана демалуға баратқан кісіге ұқсайды. Жолда өзім сөйлескен ұнатпаймын, бірақ Дулатпен амалсыздан әнгімесіне қосылдым. Ширақ мінезді, өткір сөзді, жуйрік ойды адам екен. «Қай жерден боласыз?» деген сүрақтарға жауабын мүлдем түсіне алмадым. Өзі жайлы ештене айтпады, мен туралы бірақ білгісі келді. Дулатқа қарап, менде өзім жайлы ешнәрсе де айтпадым. Әңгімеміз жүрмеген соң, «қой аға мен ұйықтаймын онда, жасырын әнгімеңізді, әне жатқан апаға айтыңыз» деп жатып қалдым.

-         Жарайды, мен туралы білгін келсе, ұзаққа созылатын әнгіме

-         Ештене етпейді, жолымыз да ұзық, деп орнымнан қайта тұрдым.

Дулаттың әңгімесін таңға дейін тындап отырдым, ұйқы жоқ, қызық оқиғаларын айтты. Көбісі сияқты, Алматыда туылып өскен, оқу бітіріп, үйлі болып, жұмыс істеу. Күнделікті адамның басынан өтіп жатқан дүние.

Дулат әнгімесін былай бастады, «Бір күні, 25 жасымда таңертен тұрып түсіндім, дейді, бұл өмір дұрыс емес, бірдемені өзгерту керек. Менің талпынған мақсатым осыма? Деген сұрақ қойдым өзіме. Бай болам, армандаған көлігімді алам, бірақ маған керегі сол ма? Жоқ, өмір жалғыз, тез өтіп жатыр. Соның бәрін ойлап бір жауапқа келдім. Міне банкеттердін орнына, туған күн, тойлардың орнына мен ауылға бара жатырмын. Ұялы телефонымды өшіріп, бір-екі бөтелке арақтан алдым да, ішіп отырып ойландым. Үш күннен кейін қайттым. Әйеліме бәрін тастайтын болдым, алатыным тек керекті заттар, және тамағым. Солай Мерке жаққа қарай жолға шықтым. Меркеде үй алдым, яғни кішкентай ғана үйшік, тұратын жерім болу үшін. Содан бері өз ләззәтім үшін өмір сүре бастадым». Мен қызығып тыңдадым, ойымда түк болмады, жалғасын күттім.

Дулат ары қарай жалғастырды, «Мекреде бес жылдай тұрдым, сол уақыт арасында, өз шаруашылығымды ашып, ауыл өкілі болып, абырай жинадым. Солай жүре бере, бір күні тағы да ой келді. Шаршадым, бұлда қызықсыз болып кетті, жанадан бірнәрсе істеу керек. БІр аптада өзімнін бар заттарымды сатып жібердім де Дубайға демалуға кеттім. Екі аптадай демалып қайтып келдім. Енді мені Өскеменге қарай бара жатырмын. Сол жақта өмірімді жанадаң бастаймын. Сол себебпен өзім жайлы жасырын болдым. Білмедім, бұл менін үшінші өмірім ба әлде ескі өмірімнін жалғасыма?»

Түні бойы Дулатты тындап, өзім сөз қоса алмадым. Әңгемесінен кішкене болсын мұңайдым. Таң атып, күн шыққанда бір сағат болсада ұйықтайық дедік. Ұйқым келмеді, Дулаттын әңгімесін ойлап жаттым.

Өскеменге жеткенде Дулат менін үлкен сөмкемді алып шығуға көмектесті. Вокзалда қол қысып, танысқанымызға қуаныштымын деп, Дулат ар қарай жөңілді. Мен сөмкеме отырып ұзақ уақыт бойы артынан қарап тұрдым. Көп адам көрдім деп айта алмаймын, бірақ көргендердін ішінен Дулатты өмір бойы ұмытпайтың секілдімін. Сол кезде өз сөмкемді лақтыра салып, Дулаттын артынан жүгіргім келді, «мені өзінмен бірге ертіп алшы, менде жаңа өмір бастағым келеді» деп. Бірақ артына қарап отыра бердім.

Міне содан екі жылдай өтті. Дулат әлі есімді, менде түк өзгерген жоқ, сол баяғы оқу, жұмыс.

Эх, Дулат ай, Дулат, неге сені кездестірдім екен?

 
0
0
1351

Осы тақырып бойынша

Жаңа өмір - Yvision.kz