Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық кеңес заңның сақталуын талап етуде

Ағымдағы жылғы 12 қарашада «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Қоғамдық кеңес пен Партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өтті.
Күн тәртібінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жөнделуі, қайта салынуы және құрылысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жағдайы, Тимирязев ауданындағы денсаулық сақтау, мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар мекемелерінің азаматтардың өтініштерін қарау бойынша заңнаманы сақтануы, өңіріміздегі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету, «Қолжетімді баспана - 2020», «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламалары бойынша салынған, жаңа тұрғын үйлердің сапасын тексеру жөніндегі қоғамдық мониторингі қорытындысы, сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспаналардың берілу заңдылығы туралы мәселелер қарастырылды.
Отырысқа Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Ж.Ж. Жұмабаев, облыстық прокуратура бірінші басқармасының бастығы А.М. Ауқатов, СҚО қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары З.У. Қапарова, СҚО тексеру комиссиясының мүшесі А.Қ. Сейфуллин қатысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның өкілі кездесуге қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңдарының қатаң сақталуы қажеттігін ескертті. Осы орайда, Тәртіптік кеңесте қаралған істерден бірқатар мысалдар келтірілді.
Ал бақылау-қадағалау органдарының мамандары мемлекеттік органдардағы өзекті мәселелерге тоқталды.
Бірлескен отырыстың қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жоққа шығаруға бағытталған бірнеше ұсыныстар әзірленді. Айта кететін болсақ, республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды тапсыру кезінде «Нұр Отан» партиясының өкілдерін де шақыру жөнінде ұсыныс жасалды.

 
0
0
238

Осы тақырып бойынша

Қоғамдық кеңес заңның сақталуын талап етуде - Yvision.kz