Мазмұнға өту
finpol

Финансовая полиция

@finpol

Сайтта 2010 ж. 29 шілдеКазахстан, Астана

Агентство Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция)

рейтинг

100

жазбалар

326

пікірлер

0

тіркелуші

11

жазылымдар

0

Финансовая полиция за получение взятки в особо крупном размере арестовала Президента национальной компании «Қазақстан Ғарыш Сапары»

1 августа 2013 года сотрудники Агентства финансовой полиции по подозрению в получении взятки в особо крупном размере задержали Президента АО «Национальная компания «Қазақстан Ғарыш Сапары» Мурзакулова Г. Он обвиняется в том, что пролоббировал интересы ТОО «СК «Кулагер» при проведении конкурсов на строительство Сборочно-испытательного комплекса космических аппаратов на сумму более 15 млрд.тенге, за что получил от председателя правления этого предприятия Егенбаева Т. через доверенное лицо - Асылбекова Е. взятку в сумме 272 тыс. долларов США и 75 млн. 300 тыс.тенге. Председатель правления ТОО «СК «Кулагер» Егенбаев Т. и директор ТОО «Сункар Кузет» Асылбеков Е. также задержаны. Егенбаев обвиняется в даче взятки в особо крупном размере, Асылбеков - в пособничестве в получении взятки. 3 августа…

0
0
293

Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ұсталды

2013 жылғы 23 шілдеде Астана қаласы бойынша қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері кәсіпкерден ауылшаруашылық өнімдерімен сауда саттық жасауда қамқолық көрсету үшін құны 109 мың теңге тұратын «HP» маркалы ноутбук түрінде пара алды деген күдікпен Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел селолық округі әкімінің міндетін атқарушы Қ.Қарымсақовты ұстады.
Сол күні оған қатысты пара алу фактісі бойыша қылмыстық іс қозғалды.
26 шілдеде Қарымсақов сот санкциясымен қамауға алынды.
Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

0
0
656

Терроризм мен діни экстремизді қаржыландыруға қарсы тұру

Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбеков бүгін өтіп жатқан ведомствоның алқа отырысында ланкестік пен діни экстремизмді қаржыландарудың көздерін анықтау мен әшкерелеу бойынша қаржы полициясының жұмысының жандануы туралы атап өтті. Алғаш рет қаржы полициясы шет елде ланкестік қаруланған топтың құрамында соғысып жүрген тұлғаны қаржыландыруды әшкереледі. Радикалдық діни ағымдарды қаржыландыруға қатысы бар 16 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды. Экстремизм мен данкестіктің жақтастарына қатысты 68 қылмыстық іс қозғалды. Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында есіртке заттарының заңсыз айналымынан табылған ақша қаражаттарын заңдастыру фактісін әшкереленді (15 млн.теңгеден астам сомаға 100 кг астам марихуана, 1 кг астам герион). Ведомство басшысы Рашид Түсіпбеков осы бағыттағы жұмысты күшейт…

0
0
438

Қаржы полициясы талдау жолымен жалпы залал мөлшері 70 млрд.теңгені құрайтын 200-ден астам қылмысты анықтады

«Жұмысымыздағы басымдықтарды қылмыстардың алдын-алу мен оларды болдырмауға бағыттап, біз қылмыстарды бастапқы сатыларында, яғни, мемлекетке залал келтіруге жеткізбестен анықтай бастадық» - деді Қаржы полициясы агенттігінің Төрағасы Рашид Түсіпбеков ведомстваның қазір өтіп жатқан алқа отырысында. Агенттік Ахуалдық орталығының жұмысының арқасында жыл басынан 1,5 млрд.теңге бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсалудан сақтап калды. Талдау материалдарының негізінде жалпы залал мөлшері 70 млрд.теңгені құрайтын 200-ден астам қылмыстық іс қозғалды. Мысалы, Ақтөбе облысындағы мемлекеттік сатып алуларды мониторингілеу барысында бюджет қаражатын ұрлау және жалған кәсіпкерлікпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленді. Олардың қызметінен мемлекетке 16 млрд.теңге залал келтірілген. «Жұмыс…

0
0
357

Қаржы полициясы тергеудің сапасын жақсартуда

Қаржы полициясында тергеу сапасының жақсарғандығы туралы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбеков ведомствоның алқа отырысында сөз сөйлеу барысында айтты. Оның сөзі бойынша қаржы полициясы органдарының өндірісінде болған қылмыстық істердің саны өткен жылмен салыстырғанда 36%-ға артқан, тергеу барысында қысқартылатын қылмыстық істердің саны 15%-ға төмендеген, қосымша тергеуге қайтарылған қылмыстық істердің саны ширекке азайды. Қылмыстық істерді сотқа жолдау 1,5 есеге жоғарылап, барлық аяқталған істердің 80%-ын құрады. Негізінен оған қаржы полициясында сотқа дейінгі өндірісті жетілдіру бойынша қабылданған шаралар себеп болды. Барлық бөлімшелерде кезекші офицер лауазымы енгізілді, бекітілген жаңа құрылым полицейлік тергеу қағидасының…

0
0
336

Қаржы полициясы алкоголь мен мұнайдың заңсыз айналымын азайта отырып, бюджет түсімін арттырды

Қаржы полициясы агенттігінің Төрағасы Рашид Түсіпбеков ведомствоның алқа отырысында сөз сөйлеу барысында алькогольдік өнімнің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды ашу 2 есе артқанын айтты. Жүргізілген жұмыстың арқасында бюджетке арақ өнімдерін сатудан ғана акциздік төлемдердің 25%-ға артқаны байқалады. Бұған қоса, қазір алькоголь өндірушілері шығарылған өнімнің нақты көлемін көрсетуге және олардан салық төлеуге мәжбүр. Бұған дәлел – еліміздегі тіркелген алкоголь өнімінің 7%-ға өсу тенденциясы.Мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымын әшкерелеу 3 есе артқан.Нәтижесінде Мұнай және газ министрлігінің мәліметтеріне сәйкес Атырау мұнай өңдеу зауытына ғана келіп түсетін шығуы күмәнді мұнайдың мөлшері 2010 жылғы 300 мың тоннадан осы жылғы 1,5 мың тоннаға дейін азайған.Р.Түсіпбеков айтқанда…

0
0
267

Қаржы полициясының жалған кәсіпкерлікпен күресі нәтижесінде бюджетке түсетін салықтарды көбейтті

Қаржы полициясы агенттігі алқасының отырысы жалғасуда.Алқа отырысында сөз сөйлеген Агенттік Төрағасы Рашид Түсіпбеков ведомстваның жалған кәсіпкерлікке, заңсыз банкроттылық пен қосымша құн салығын қайтаруға қарсы күрес бойынша жұмысының нәтижелеріне тоқталды. Оның айтуынша жалған кәсіпкерлік пен жалған мәмілелер жасау фактілерін анықтау 5 есе артқан.Жалған мәмілелер жасау үстінде ұстау 3 есеге дейін көбейген. Нәтижесінде екінші деңгейлі банктерде қолма-қол ақшаға алмастырылған қаражаттың соммасы 605 млрд.теңгеден 511 млрд.теңгеге дейін немесе 16%-ға азайған. Ал бұрын ақшаны қолма-қол ақшаға ауыстыру тұрақты түрде өсіп отырған.Қаржы полициясының осы бағыттағы жұмысының жандануы сонымен қатар шағын және орта бизнестен бюджетке түсетін салықтардың 27%-ға артуына өз әсерін тигізді (850 млрд.-…

0
0
346

Қаржы полициясы агенттігінің алқа отырысы

Бүгін Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) агенттігінің 2013 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша алқа отырысы басталды. Отырысқа Агенттіктің орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелердің басшылық және жеке құрамдары конференбайланыс арқылы қатысуда. Алқаның жұмысын ашқан Агенттік Төрағасы Рашид Түсіпбеков былай деді: «Бірінші жартыжылдық бойынша жұмыстың нәтижелері біздің барлық негізгі бағыттар бойынша жағымды көрсеткіштерге қол жеткізгенімізді растайды». Р.Түсіпбековтің айтуынша ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу 25%-ға өскен, сыбайлас жемқорлық қылмыстар 8%-ға көп анықталған. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалардың саны 20%-ға артқан. Жылдың басында жүйелі сыбайлас жемқорлық түсінігі…

0
0
344

Қаржы полициясы пара берудің кезекті фактісін әшкереледі

2013 жылғы 23 шілдеде қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешім шығару үшін қаржы полициясының инспекторына 2 млн.теңге пара берді деген күдікпен «Тұрғын үй» МККМ бұрынғы директоры Н.Төрежанов және «Стронг Базис» ЖШС жетекшісі М.Жамалов ұсталды. Қаржы полициясы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жетілдіру» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Шымкент қаласының Қонаев бульварында орналасқан үйлерді жөндеу үшін бөлінген 5 млн.теңгеден астам бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына тексеріс жүргізген. Аталған жоба бойынша тапсырушы «Тұрғын үй» МККМ, ал мердігер – «Стронг Базис» ЖШС болған. Ағымдағы жылғы 24 шілдеде Төрежанов пен Жамаловқа қатысты ҚР ҚК 312-бабының 4-бөлігі «а,б» тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оларға қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау мәселес…

0
0
353

Қаржы полициясы Павлодар облысында су құбырының құрылысына бөлінген 153 млн.теңгенің ұрлануын анықтады

2013 жылғы 16 шілдеде Қаржы полициясы агенттігі Павлодар облысы Құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы А. Күлжановқа және «КазСтройСервис-7» ЖШС жетекшісі Б. Сыдықовқа қатысты қылмыстық іс қозғады.

Олар 2012 жылғы желтоқсанда Павлодар облысының Заринский ауылдық округының аумағында суару үшін су құбырының құрылысы бойынша орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы 153 млн.теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған деп күдіктенуде.

22 шілдеде Күлжанов ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Қылмыстық іс тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.

0
0
258