Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаржы полициясы талдау жолымен жалпы залал мөлшері 70 млрд.теңгені құрайтын 200-ден астам қылмысты анықтады

«Жұмысымыздағы басымдықтарды қылмыстардың алдын-алу мен оларды болдырмауға бағыттап, біз қылмыстарды бастапқы сатыларында, яғни, мемлекетке залал келтіруге жеткізбестен анықтай бастадық» - деді Қаржы полициясы агенттігінің Төрағасы Рашид Түсіпбеков ведомстваның қазір өтіп жатқан алқа отырысында.

Агенттік Ахуалдық орталығының жұмысының арқасында жыл басынан 1,5 млрд.теңге бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсалудан сақтап калды.

Талдау материалдарының негізінде жалпы залал мөлшері 70 млрд.теңгені құрайтын 200-ден астам қылмыстық іс қозғалды.

Мысалы, Ақтөбе облысындағы мемлекеттік сатып алуларды мониторингілеу барысында бюджет қаражатын ұрлау және жалған кәсіпкерлікпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленді. Олардың қызметінен мемлекетке 16 млрд.теңге залал келтірілген.

«Жұмыстағы осындай ұстаным бизнестің қызметіне заңсыз араласуды барынша азайтуға мүмкіндік берді, себебі қылмыстар кабинеттен шықпай ашылады.

Егер 2011 жылы осындай 18 факт орын алса, 2012 жылы – 6, ал осы жылғы 6 айда тек 1 фактіге жол берілді», - деді Р.Тусупбеков.

Алдын-алу шарасы ретінде мемлекеттік органдарға заң бұзушылықтарға жағдай жасайтын себептер мен жайларды жою туралы 275 ұсыныс енгізілді. Ол өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 27%-ға көп.

Оларды қарастыру нәтижесінде 210 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның 116 жұмыстан шығарылды.

Ведомства басшысы бұл жұмысты жалғастыруды тапсырды.

 
0
0
358

Осы тақырып бойынша

Қаржы полициясы талдау жолымен жалпы залал мөлшері 70 млрд.теңгені құрайтын 200-ден астам қылмысты анықтады - Yvision.kz