Қаржы полициясы тергеудің сапасын жақсартуда
Қаржы полициясында тергеу сапасының жақсарғандығы туралы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбеков ведомствоның алқа отырысында сөз сөйлеу барысында айтты.
Оның сөзі бойынша қаржы полициясы органдарының өндірісінде болған қылмыстық істердің саны өткен жылмен салыстырғанда 36%-ға артқан, тергеу барысында қысқартылатын қылмыстық істердің саны 15%-ға төмендеген, қосымша тергеуге қайтарылған қылмыстық істердің саны ширекке азайды.
Қылмыстық істерді сотқа жолдау 1,5 есеге жоғарылап, барлық аяқталған істердің 80%-ын құрады.
Негізінен оған қаржы полициясында сотқа дейінгі өндірісті жетілдіру бойынша қабылданған шаралар себеп болды.
Барлық бөлімшелерде кезекші офицер лауазымы енгізілді, бекітілген жаңа құрылым полицейлік тергеу қағидасының барлық талаптарына сәйкес келеді.
Материалдар бойынша тексеріс жүргізу жеделдігі артты. Егер бұрын арыздардың жартысы дерлік 2 айға дейін тексерілсе, бүгін олар бойынша тексеріс 3 тәулікке дейін ғана жүреді.
Қылмыстық іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібі кеңінен қолданылуда.
Жеңілдетілген тәртіппен аяқталған істердің саны 3 есе көбейді.
