Назарбаев Төраға болып қайта сайланды
Қателеспесем, Елбасы Дүниежүзі қазақтары Құрылтайының Төралқа төрағасы қызметінде 1992 жылдан бері келе жатыр. Бұл, Назарбаевтың Конституциялық құқығына кіретін құзыреттердің бірі. Президиум мүшелері Назарбаевты қайта сайлап, құтты орнынан қондырды. Одан кейінгі шаруа, Төралқа төрағасының бірінші орынбасарын сайлау еді. Елбасы, осы сәтті жақсы пайдаланды. «Енді біз Төрағаның бірінші орынбасарын сайлауымыз керек. Жанымда отырған Талғат Мамашев 2004 жылдан бастап атқарып келеді. Талғат Асылұлының жемісті жұмысы үшін ризашылығымды білдіремін. Сырттағы отандастарымызбен рухани-мәдени байланыстар нығая түсті. Мен енді осы орынға Зауытбек Тұрысбековті ұсынғым келеді. Тәуелсіздік жылдар ішінде менің тапсырмаммен талай жауапты қызметтер атқарды. Оның үстіне, қандастарымыз тығыз орналасқан Ресей м…