ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

Сүйіншілейтін жаңалық! Құтты болсын, Алашым!

Өткен ақпан саяси температура сәл көтерілген ай ретінде есте қалды. Қоғамдық пікірді құраушы- Азаматтық қоғам өкілдері шеттерінен белсенділік танытты. Бірі, 26 бапты сөз етсе, енді бірі Конституциялық реформаның басқа да саяси «астарын» іздеп жатты. Қысқасы, әркім өздігінше топшылады. Саяси жауырыншылардың дәурені жүрді. Күнде сұқбат, күнде той... (түнде ой) Кешелі бүгін, сол ойды қорытып, нүкте қоятын саяси шешімдер жасалды. Констиуциялық Кеңес мақұлдаған Заңды, Елбасы бір қарап, қол қойып жіберді.  Сонымен, қолданыстағы Ата Заңымызға тағы 26 өзгеріс енді. Президент 35 түрлі билігін «қиып» үкімет пен Парламентке «қылдай» бөліп берді. Өзгеріске орай , енді Елбасы Қорғаныс, Сыртқы істер мен Ішкі істер министрін ғана тағайындайды.Қалған министрлерді премьер депутаттармен келісіп таңдауы тиіс. Айтпақшы, алғаш рет заңға Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі және Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы деп жазылды. Депутаттардың еңбегі ерен...
Міне, жаңалық. Айтпақшы, ұмытып бара жатыр екенмін. 91 бапқа сәйкес, енді... Тәуелсіз елдің біртұтастығын және аумақтық тұтастығы, Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайды деген мәтін бар. Байқасаңыз, ескі нұсқада Тәуелсіздік деген сөз болмаған еді. Ал, жаңа нұсқада ерекше басымдық берген. Маған осы жағы ұнады.