Назарбаев Төраға болып қайта сайланды
Қателеспесем, Елбасы Дүниежүзі қазақтары Құрылтайының Төралқа төрағасы қызметінде 1992 жылдан бері келе жатыр. Бұл, Назарбаевтың Конституциялық құқығына кіретін құзыреттердің бірі.
Президиум мүшелері Назарбаевты қайта сайлап, құтты орнынан қондырды. Одан кейінгі шаруа, Төралқа төрағасының бірінші орынбасарын сайлау еді. Елбасы, осы сәтті жақсы пайдаланды.
«Енді біз Төрағаның бірінші орынбасарын сайлауымыз керек. Жанымда отырған Талғат Мамашев 2004 жылдан бастап атқарып келеді. Талғат Асылұлының жемісті жұмысы үшін ризашылығымды білдіремін. Сырттағы отандастарымызбен рухани-мәдени байланыстар нығая түсті. Мен енді осы орынға Зауытбек Тұрысбековті ұсынғым келеді. Тәуелсіздік жылдар ішінде менің тапсырмаммен талай жауапты қызметтер атқарды. Оның үстіне, қандастарымыз тығыз орналасқан Ресей мен Өзбекстанда Елші қызметтерін атқарған азамат, деп Тұрысбековке екпін берді.
Төрағаның кім екенін білесіздер, Орынбасары туралы аз-кем мәлімет:
Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков 1951 жылы 15 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген.
* Қазақ химия-технологиялық институтын және Алматы жоғары партия мектебін бітірген.
*1993-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі
*1997 жылғы желтоқсаннан - ҚР Көші-қон және демография агенттігінің төрағасы
*1999 жылғы қаңтардан - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары
*ҚР Президенті Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі
*2000 жылдан - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
*2003 жылдан - ҚР ішкі істер министрі. 2005 жылдан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
*2007 жылдан - ҚР-ның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі
*2009 жылғы тамыздан - ҚР-ның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі
*2012 жылғы сәуірден ҚР-ның Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі
*ҚР-ның Молдова Респбуликасындағы төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарған.
