Мазмұнға өту
erganataldanov

erganataldanov

Сайтта 2016 ж. 3 тамыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

33

пікірлер

2

тіркелуші

0

жазылымдар

0

EXPO-2017 көрмесінің арнайы кітабы шықты

EXPO-2017 көрмесінің мәртебелі меймандарына арналған кітапқа 130-дан аса қолтаңба қалдырылыпты. Оған барлығы үш ай ішінде көрмеге келген 28 мемлекеттің басшысы мен 70-тен аса министр және 20-ға жуық үкімет басшысы, халықаралық ұйым өкілдері көрмеге қатысты ой-пікірін білдірсе, енді біреулері тілектерін жазыпты. Ұйымдастырушылар «қолтаңба» кітабын көпшілік назарына ұсыну үшін оның электронды нұсқасын жариялауды жоспарлауда. Ал түпнұсқасы «Нұр Әлем» кешенінде сақталмақ. «Астана EXPO-2017» ҰК АҚ Департамент директоры Илья Уразаковтың айтуынша, аталмыш кітап «Нұр Әлем» кешенінде қалдырылуы мүмкін. Кітаптың ерекшелігі онда қол қойған тұлғалардың ерекше құттықтаулары мен тілектерінде. Әсіресе, Джибути президенті мен Фиджи, Кариб аралы, Тынық мұхиты елдерінің үкімет басшылары қолтаңбасы қалған к…

1
0
240

Журналистермен кездесуде елбасы не деді?

Елбасы журналистермен кездесуде шолақ шалбар мен қара киімнің қазаққа жат екенін жеткізді. Сақалын беліне түсіріп жүру мұсылмандықтың белгісі емес екенін айтты. «Бұрын да айтқанмын, қазір де айтайын. Біздің қазақтың қыздары, жалпы әйел азаматтары еш уақытта бетін бүркемеген. Қыздарымыз бұрымдарын салбыратып, шолпыларын сыңғырлатып жүретін. Біздің аналарымыз батыр болған. Ерлерінің жанында жүріп соғысқан, қолына найза алған. Сондықтан сонша ғасырлық тарихымызды алып келіп, бүгін басқаша жолға түсеміз бе? Шалдардың шолтитып шалбар кигендерін қайдан көрдіңіздер? Сақалын беліне түсіріп жүру мұсылмандықтың кәдесі емес қой. Қай құранда жазылған? Бұл салтымызды бұзады. Мұнда тұрған қандай ерекшелік бар? Оған кім қызығады? Сондықтан ол біздікі емес. Мен бұл туралы бір рет айттым. Мен айтқаннан ке…

0
0
290

Шымкенттіктер жарады!

Астанада өткен ОҚО күндері аясында ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілердің саны рекордтық деңгейге жеткені белгілі болды. Елодарада 29 сәуір мен 3 қыркүйек аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне келушілер саны реккордтық деңгейге жеткенін көрмені ұйымдастырушылар мәлімдеді. Осы күндері көрмені тамашалауға 398 341 адам келген. Орта есеппен алғанда күніне 56 905 адам келгенін байқаймыз. Нақтырақ айтсақ, көрмені тамашалаушылардың рекордтық саны 3 қыркүйек күні тіркелген. Бұл күні көрмеге 75 мыңнан астам келіпті. Дәл осы күні ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің амфитеатрында Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан эстрада жұлдыздарының «Ән мен күй әлдилейді Астанааны» атты Гала-концерті өткен болатын. «ЭКСПО-2017» халықар…

0
0
394

Қазақстан үшін EXPO-2017-нің маңызы қандай?

2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айн…

0
0
3611

Туған жердей жер болмас...

Ұлтты рухани жаңғыртудың келесі бір сатысы – туған жерге деген сүйіспеншілік. Елбасы: «Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмірбақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», – дейді.Әрбір адамзат баласы өзінің туған жерін құрметтемей тұрмайды. Тіпті алыс сапарға шыққанда, адамның туған жерге сағынышы ерекше болады. Осындайда Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың: «Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан,…

0
0
3475

Бірліктен артығы жоқ

Кез келген елдің, мемлекеттің берік тірегі ол - БІРЛІК. Бірлік бар жерде тірлік бар демейді ме, егер өзімізбен өзіміз бет жыртысып, жағадан алып, айтысып, тартысып жатсақ, онда береке болмайды. Мың жерден алып империя болсаң да, бір күні құлдырайсың, құлайсың! Сондықтан мықты ел болу үшін, берік мемлекет болу үшін алдымен сол елдің ынтымағы керек. Ынтымақ бар жерде ғана береке болады.Береке - бақыттың бастауы. Ертең ұрпаққа тәуелсіз ел, дамыған мемлекет, қуатты ұлты сыйлаймыз десек барлық Қазақстан азаматтары тату болғанымыз абзал. Сонда ғана болашағымыз жарқын, алдымыз ашық болады. Қазіргі уақытта, бәрі бар. Бірақ, адамға, бір-бірімізге деген сүйіспеншілік пен жылулық жетіспейді. Сондықтан, өз-өзімізге құрметпен қарап, бес күн өмірде ауызбіршілікте болайық! Елге бұдан артық бақыттың кере…

0
0
422

Бұл ненің белгісі? «Қазком» директорлар кеңесін таратып, қайта сайламақ

«Қазкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесі 2017 жылғы 28 маусымда өткен отырысында Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырту туралы шешім қабылдады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2017 жылғы 31 шілдеде Алматы уақыты бойынша 11 сағат 00 минутта, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 34а мекенжайы бойынша өтеді. Банк акционерлерін тіркеу рәсімі 2017 жылғы 31 шілдеде 10 сағат 30 минутта басталады. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілмеген деп танылған жағдайда, жиналыс 2017 жылғы 1 тамызда 11 сағат 00 минутта Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 34а мекенжайы бойынша қайта өткізіледі. Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2017 жылғы 30…

0
0
375

Қазақстан Барысы: үміткер туралы мәлімет

Аймағы: Павлодар облысы

Лақап аты: Баянауыл Арланы

Туған күні: 01.04.1985

Бойы: 182 см

Салмағы: 105 кг

Спорттық атағы: Қазақ күресінен ҚР спорт шеберіне үміткер

Спорттық жетістіктері: Павлодар облысының жеңімпазы

"Қазақстан Барысы" турниріне қатысуы: Тұңғыш рет  Бапкері: Абай Күбесов

0
0
539

Масқара-ай: ЭКСПО күзетшісі көрмеге келген қонақтарды балағаттап жіберді

ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілерге қоқан-лоққы көрсеткен күзетшінің әрекеті көпшіліктің ашуын туғызыпты. Дереккөз: NUR.KZ порталы

Шараны тамашалауға келген азамат ЭКСПО аумағында видео түсіргені үшін күзетшінің қаһарына ұшырады. «За тебя Баке» парақшасын аталған видеоны жариялап, жұртшылық төбелеске дайын күзетшіні сынға алды.

«Астананың сыпайы күзетшілері» деген роликте күзетші видео камерасын қосқан келушілерге: «Сендер біздің территорияны түсірдіңдер, жүріңдер» деп белгісіз жаққа шақырады. «Сіз кімсіз? Аты-жөніңізді айтыңызшы, кім екеніңізді?», - деген сұрағы үшін күзетші «басымды қатырма» деп жұдырығын ала жүгіріп, қонақты балағаттай жөнелді.

0
0
571

Астананы көгалдандыруды, тастама!

Астананың жасыл аймағын дамыту ісін әрі қарай жалғастыру керек. Ауыл шаруашылығы вице-министріне Елбасы осындай тапсырма берді. Бұл туралы "Ақорда" ресми сайты хабарлайды. Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздің өңірлерін көгалдандыру шаралары, сондай-ақ Астана төңірегіндегі «жасыл белдеу» аясында ағаш отырғызу барысы және оны дамыту жөнінде баяндалды. Елбасы республикалық маңызы бар жолдардың, атап айтқанда Астана-Шортанды және Астана-Қарағанды тас жолдарының бойында ағаш егудің қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне одан әрі көгалдандыру үшін жүргізілген зерттеулердің және ағаш егуге жарамды жерлерді дайындаудың нәтижелері, «жасыл белдеудің» аумағында өсімдік өсіру мен онда жіберілген жануарларды бейімдеу үдерісі жөнінде айтылды. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Н…

0
0
405