Мазмұнға өту
ecogovkz

Экология Министрлігі

@ecogovkz

Сайтта 2013 ж. 28 қаңтарКазахстан, Астана

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі

рейтинг

100

жазбалар

2 175

пікірлер

0

тіркелуші

8

жазылу

1

Министр Н.Қаппаров АДБ 47-ші отырысына қатысты

2014 жылдың 2 сәуірінде Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Азия Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші отырысы аясында өткен Халықаралық инвестициялық конференцияның жұмысына қатысты. Өз сөзінде министр Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу жоспары туралы айтты. «Қазақстан-2050» Стратегиясы экономиканың «жасыл» жолға көшуі негізінде оның орнықты және тиімді дамуына айқын бағыт-бағдар қойды. Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу концепциясы халықтың әл-ауқатын арттыру және қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту мен табиғат ресурстарының жойылуын болдырмау арқылы әлемнің дамыған 30 елдері қатарына қосылуға, ал ол өз кезегінде түбегейлі жүйелік өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді»,-деп атап өтті Н.Қаппаров. Министр АДБ ж…

0
0
223

«Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі және ОЭСР экологиялық директоратымен бірлесіп, ағымдағы жылдың 15–16 мамырында «Жасыл» экономикаға көшудің мониторинг жүйесін қалыптастыру» тақырыбына семинар...

«Жасыл» экономикаға көшу мониторинг жүйесін қалыптастырудың өзектілігі шешімдер қабылдайтын адамдар үшін «жасыл» өсімнің өлшенетін және айқын индикаторларын әзірлеу қажеттілігіне негізделеді. Семинар аясында қатысушылар прогресті бағалаудың халықаралық тәжірибесі және «жасыл» өсім көрсеткіштерімен, ОЭСР бағалау әдіснамасымен, ҚР-да «жасыл» экономика мониторингі жүйесін қалыптастырудың басымдықтарымен танысады. Семинардың практикалық бөлігінде қатысушылар ОЭСР «жасыл» экономика саласында ұлттық және өңірлік деңгейде прогресті бағалау үшін индикаторларды әзірлеу мен енгізу жөніндегі ұсыныстарды талқылайды. Семинардың жұмысына ОЭСР сарапшыларының, ҚР Статистика агенттігінің, ЭБЖМ, ИЖТМ, АШМ өкілдері және басқалар қатысады деп күтілуде. Байланыс: Астана қ., Достық көшесі, 20, «Санкт-Петербург…

0
0
248

Қазақстанда медициналық қалдықтарды қауіпсіз басқару бойынша жоба бастамасын алып отыр

2014 жылдың 30 сәуірінде Астанада медициналық қалдықтарды оңтайлы басқару және ауыр органикалық ластандырғыштар туралы Стокгольм конвенциясы бойынша Міндеттемелерді іске асырудың ұлттық жоспарын жаңартуға бағытталған ҚР Қоршаған орта мен су ресурстары министрлігі, Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы мен Жаһандық экологиялық қордың біріккен жобасы басталуда. Оған Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жауапты хатшысы Анатолий Дерновой, БҰҰ даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Екатерина Паниклова, БҰҰ ДБ-ның аумақтық кеңесшісі Максим Сурков қатысты. Жоба менеджері Нина Гор Қазақстанда осы орайда қандай іс-шаралар жүргізу жоспарланып отырғаны туралы жан-жақты ақпарат берді. Статистика бойынша медициналық мекемелерде жыл сайын 2…

0
0
626

Алтай өлкесінде қазақстандық-ресейлік тактикалық-өрт сөндіру жаттығулары өткізілді

2014 жылдың 25 сәуірінде Алтай өлкесінде (Ресей Федерациясы) қазақстандық-ресейлік бірлескен тактикалық-өрт сөндіру жаттығулары өтті. Бұл шара екі елдің ормандардағы өртке қарсы күрес қызметтерінің дайындық деңгейін арттыру, сондай-ақ трансшекаралық аумақтарды орман өрттерін сөндіруге жұмылдырылатын күштердің өзара әрекеттесуін пысықтау мақсатында ұйымдастырылды. Ключев орман шаруашылығының аумағында өткізілген жаттығулар барысында қызметтердің шартты орман өртін жою кезіндегі өзара іс-қимылдары пысықталды. Жаттығу тапсырмалары әуе және жерден әрекет ету қызметтерінің өрт сөндіру құралдарын қолдану арқылы орындалды. Қазақстан тарапынан жаттығуларға ҚР ҚОСРМ орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне бағынысты ұйымдарының, ҚР ТЖМ өртке қарсы мемлекеттік қызметі бөлімшелерінің, сондай-ақ Шығ…

0
0
215

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кенесінің экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы

Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде 2014 жылдың 28 сәуірінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кенесінің экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті. Бірінші отырыста, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кенесінің экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 2014 жылдарға арналған жұмыс жоспары мақұлданды, сонымен қатар, Қазақстанның климатының өзгеруі және Дарьял – У нысанында сақталған ПХД бар қалдықтарды шығару бойынша сұрақтар қарастырылды. Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде 2014 жылдың 28 сәуірінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кенесінің экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті. Бірінші отырыста, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кене…

0
0
408

«Бекіре-2014» акциясының барысы мен балық ресурстарын өсіру шаралары туралы

Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында «Бекіре-2014» кең ауқымды балық қорғау акциясы жалғасуда. 2014 жылдың 28 сәуірінде Атырауда акцияның үйлестіру штабының кезекті отырысы өткізілді. Онда өткен аптада атқарылған жұмыс қортыландыланып, алдағы 7 күнгі істер жоспарланды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 451 табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталды, Олардың 113-і өрескел бұзушылыққа жатқызылды. 40 заң бұзушылық балықты заңсыз тасмалдаумен, 6 – балық ресурстарын заңсыз сату және сатып алумен, 2-і – кемемен жүзу режимін бұзумен байланысты. Әкімшілік жауапкершілікке 311 адам тартылды. Балық қорғау акциясы басынан 30 қылмыстық іс қозғалып, олардың 14 сот органдарына жолданды. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзған тұлғаларға 2,9 млн. тенге әкімшілік айыппұл салынды. Балық ресурстарын…

0
0
388

Астанада орман шаруашылығын жаңғырту мәселелері бойынша семинар өткізілді

2014 жылдың 24–25 сәуірінде Астанада «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы мен Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің бірлесіп, орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері мен бағынысты ұйымдары басшылары мен қызметкерлерін оқыту бойынша биылғы жоспар-кестесіне сәйкес, елімізде орман шаруашылығын жаңғырту мәселелерә жөніндегі семинар-тренинг өткізді. Семинар мақсаты – орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мамандарының «жасыл» экономика және орман шаруашылығын тиімді басқару саласындағы әлеуетін арттыру. Тақырыптың өзектілігі Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдамасы мен елдің орман секторындағы түбегейлі өзгерістерді көздейтін міндеттерге негізделді. Семинар жұмысына Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті тө…

0
0
815