«Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі және ОЭСР экологиялық директоратымен бірлесіп, ағымдағы жылдың 15–16 мамырында «Жасыл» экономикаға көшудің мониторинг жүйесін қалыптастыру» тақырыбына семинар...
«Жасыл» экономикаға көшу мониторинг жүйесін қалыптастырудың өзектілігі шешімдер қабылдайтын адамдар үшін «жасыл» өсімнің өлшенетін және айқын индикаторларын әзірлеу қажеттілігіне негізделеді. Семинар аясында қатысушылар прогресті бағалаудың халықаралық тәжірибесі және «жасыл» өсім көрсеткіштерімен, ОЭСР бағалау әдіснамасымен, ҚР-да «жасыл» экономика мониторингі жүйесін қалыптастырудың басымдықтарымен танысады.
Семинардың практикалық бөлігінде қатысушылар ОЭСР «жасыл» экономика саласында ұлттық және өңірлік деңгейде прогресті бағалау үшін индикаторларды әзірлеу мен енгізу жөніндегі ұсыныстарды талқылайды.
Семинардың жұмысына ОЭСР сарапшыларының, ҚР Статистика агенттігінің, ЭБЖМ, ИЖТМ, АШМ өкілдері және басқалар қатысады деп күтілуде.
Байланыс: Астана қ., Достық көшесі, 20,
«Санкт-Петербург» Бизнес-орталығы, 14-қабат,
тел. 8(7172) 277293, 277294
e-mail: [email protected]
