Министр Н.Қаппаров АДБ 47-ші отырысына қатысты
2014 жылдың 2 сәуірінде Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Азия Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші отырысы аясында өткен Халықаралық инвестициялық конференцияның жұмысына қатысты.
Өз сөзінде министр Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу жоспары туралы айтты.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы экономиканың «жасыл» жолға көшуі негізінде оның орнықты және тиімді дамуына айқын бағыт-бағдар қойды. Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу концепциясы халықтың әл-ауқатын арттыру және қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту мен табиғат ресурстарының жойылуын болдырмау арқылы әлемнің дамыған 30 елдері қатарына қосылуға, ал ол өз кезегінде түбегейлі жүйелік өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді»,-деп атап өтті Н.Қаппаров.
Министр АДБ жыл сайынғы отырысының делегаттарына қазақстандық «жасыл» экономикаға инвестиция салып, «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға шақырды.
Форум барысында Н. Қаппаров БҰҰ өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымның (ЮНИДО) Бас директоры Ли Юнмен кездесті.
Министр қоршаған ортаны қорғау саласында екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, оның ішінде қалдықтарды басқару, жаңартылатын энергия көздері, климат өзгеруі және су ресурстарын басқару салалары бар.
Кездесу барысында өнеркәсіптің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін азайтуға бағытталған жобалар талқыланды. Қазақстандық жобаларға донорлық қорларды шақыруға ЮНИДО-ның қолдау көрсету мәселері қарастырылды.
Сонымен қатар, ұйымның тәжірибесі «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы аясында көптеген жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретін ынтымақтастық мәселелері қозғалды.
Н. Қаппаров ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру аясында ЮНИДО ұйымын ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.
ҚР ҚОСРМ Баспасөз қызметі
