Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанда медициналық қалдықтарды қауіпсіз басқару бойынша жоба бастамасын алып отыр

2014 жылдың 30 сәуірінде Астанада медициналық қалдықтарды оңтайлы басқару және ауыр органикалық ластандырғыштар туралы Стокгольм конвенциясы бойынша Міндеттемелерді іске асырудың ұлттық жоспарын жаңартуға бағытталған ҚР Қоршаған орта мен су ресурстары министрлігі, Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы мен Жаһандық экологиялық қордың біріккен жобасы басталуда.
Оған Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жауапты хатшысы Анатолий Дерновой, БҰҰ даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Екатерина Паниклова, БҰҰ ДБ-ның аумақтық кеңесшісі Максим Сурков қатысты.
Жоба менеджері Нина Гор Қазақстанда осы орайда қандай іс-шаралар жүргізу жоспарланып отырғаны туралы жан-жақты ақпарат берді.
Статистика бойынша медициналық мекемелерде жыл сайын 20 мың тоннадан астам қалдықтар түзіледі. Олардың басым бөлігі қауіптілерге жатқызылады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің талаптары бойынша жұқпалы аурулы қалдықтарды кәдімгі қоқыс тастайтын жерлерге апарып тастауға тиым салынады, соған байланысты қалдықтардың негізгі бөлігі өрттеу арқылы жойылады, және де бұл әрдайым арнайы қондырғыларда жүзеге асырылмайды. Жұқпалы аурулы қалдықтарды өрттеу жоғары уытты заттардың атмосфераға шығарылуына және экоологиялық жағдайдың нашарлауына әкеліп соғады.
Өрттенетін қалдықтардың көлемі жайлы нақты мәлімет жоқ және оларды өрттеудің салдарынан болатын шығарылымдарға мониторинг жүргізілмейді.
Оған қоса, қолданыстан шыққан құрамында сынабы бар аспаптарды бұрыс қолдану жағдайды одан сайын ушықтырады.  Қазақстанда сынаптың шығарылуын бағалау бойынша жұмыстар жүргізілген жоқ.  Оның бір себебі, қазіргі заңнаманың қалдыққа жататын сынапты қадағалағанымен, оның шығарылуы бойынша стандарттарды орнатпауында.
Қазақстан Республикасы ауыр органикалық ластандырғыштар бойынша Стокгольм Конвенциясының мүшесі болып табылады. Оған байланысты міндеттемелерді орындау үшін мемлекетімізге химиялық заттар тізіміндегі өзгерістерді көрсету мақсатымен Іске асырудың ұлттық жоспарын жаңарту қажет. Жоба шеңберінде өткізілетін бұл шара құрамында жаңа ауыр органикалық ластандырғыштары бар заттар мен тауарларға инвентаризация жасауға және оған дейін мониторинг жасалмаған жаңа АОЛ қолданылатын өнеркәсіп салаларын анықтауға мүмкіндік береді.
Медициналық қалдықтарды басқару бойынша жаңа жоба құрамында сынап бар қалдықтар мен  медициналық қалдықтарды басқару саласында институционалды және құқықтық тосқауылдарды жоюға, Минамата Конвенциясын ратификациалау бойынша дайындық жұмыстарын өткізуге, медициналық қалдықтарды қауіпсіз басқару үшін ҚР қолданылатын ең қол жетімді технологияны таңдап алуға, қажеттілік туындаған жағдайда оны бейімдеу бойынша жұмыстар жүргізуге және пилотты медициналық мекемелерде медициналық қалдықтарды жоюға арналған қондырғыларды сынақтан өткізуге мүмкіндік береді.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/04/103-26/

0
0
627

Осы тақырып бойынша

Қазақстанда медициналық қалдықтарды қауіпсіз басқару бойынша жоба бастамасын алып отыр - Yvision.kz