Мазмұнға өту
ecogovkz

Экология Министрлігі

@ecogovkz

Сайтта 2013 ж. 28 қаңтарКазахстан, Астана

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі

рейтинг

100

жазбалар

2 175

пікірлер

0

тіркелуші

8

жазылу

1

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының бірқатар мәселелері ҚР Үкіметі отырысында талқыланды

Primeminister.kz 02.06.2014Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысын өткізді, оның барысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерінің кең ауқымы талқыланды.Нақты айтқанда, Үкімет мүшелері Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Алматының өңірлік қаржы орталығын құру және оның жұмыс жасауы мәселелерін талқылады. ЕАЭО және жаңа Жібек жолы қаржы орталығын дамыту тұжырымдамасы жобасының негізгі тәсілдерін Ұлттық банк төрағасы Қ.Келімбетов жариялады. Отырыста сондай-ақ 2014-2015 жылдарға арналған тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру бойынша Кешенді жоспар жобасы қаралып, мақұлданды. Сонымен бірге, өңірлік даму министрі Б.Жәмішев жер заңнамасын жетілдіру бойынша шаралар туралы, ал ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков ветеринарлық қауіпсіздікт…

0
0
510

ҚР Президентінің жанынан «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес құрылды

ҚазАқпарат – ҚР Президентінің жанынан «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес құрылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:1.Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын. 2.Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін. 3.Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті ұйымдастыру және өзге де шараларды қабылдасын. 4.Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 5.Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.…

0
0
285

Браконьерлікке қарсы күрес шаралары жөнінде

2014 жылдың 30 мамырында «Охотзоопром»» РМҚК Қызылорда ТП-нің инспекторлары киіктерді қорғау рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылының Богдок аумағында УАЗ-Патриот автокөлігін мінген Ресей Федерациясының азаматтары Байқоныр қ. тұрғындарын ұстады.

Тексеріс барысында 12 калибірлі тегіс ұңғылы бір ұңғылы аңшы мылтығы, 12 калибірлі 26 оқ, пышақ және атылған киік табылды.

Ұсталғандар Жалағаш ауданының ІІД жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізуде.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/06/103-101/

0
0
281

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және экологтар күніне орайластырылған іс-шаралар жөнінде

2014 жылғы 3 маусымда, Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және экологтар күні қарсаңында Қазақстан, Беларусь және Ресейдің табиғатты қорғау ведомстволарының бірлескен телекөпірі өткізіледі. Оған Ресей Федерациясының табиғи ресурстары және экология министрі Сергей Донской, Беларусь Республикасы табиғи ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрінің бірінші орынбасары Ия Малкина, Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Ерлан Нысанбаев қатысып, үш елдің табиғатты қорғау саласында бірлесіп іске асыратын жобалары туралы баяндайды. 5 маусым күні Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және экологтар күніне орайластырылған бірқатар іс-шара өткізілмек. ҚР қоршаған орта және су министрлігінде құрылымдық бөлімшелердің, ведомствоға бағынысты және қоғамдық ұйымдардың…

0
0
1565

Нурлан Каппаров принял предложение вступить в общенациональное движение «Қазақстан 2050»

КазИнформ - 1 июня 2014 года в Евразийском Национальном университете им. Л.Гумилева в рамках проекта «Неформальные встречи» активисты Общенационального движения «Қазақстан 2050» встретились с министром окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан Нурланом Каппаровым, сообщает общественная организация. На встрече министр рассказал об основных направлениях работы министерства, о концепции перехода Республики Казахстан к «зеленой экономике», в частности о политике ресурсоэффективности, о развитии возобновляемых источников энергии, о вопросах утилизации отходов и эффективного использования водных ресурсов. В ходе неформальной беседы Нурлан Каппаров ответил на вопросы активистов, касающиеся экологического воспитания и просвещения, программы партнерства «Зеленый мост», который предпо…

0
0
256

Н.Қаппаров «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысына кіру туралы ұсынысты қабыл алды

ҚазАқпарат - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Бейресми кездесулер» жобасы аясында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының белсенділерімен кездесті. Кездесу барысында ведомство басшысы министрлік жұмысының бағытын, Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы, қалдықтарды қайта өңдеу мен су ресурстарын тиімді пайдалану туралы жан-жақты әңгімелеп берді. Бұл туралы «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады strategy2050.kz. Сонымен қатар Нұрлан Қаппаров экологиялық тәрбиеге, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына қатысты белсенділердің сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында жиынға қатысушылар министрге алғыстарын білдіріп, «Қазақстан-2050» жалпыұлт…

0
0
279

Алакөл көлдерінің біріне 2 миллионға жуық сазан балаңқұрты жіберілді

Алакөл балық инспекциясының бөлім қызметкерлері мен Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының қатысуымен Қошқаркөлге (Алакөл көлдері жүйесі) 1 850 000 дана сазан балаңқұрты жіберілді. «Балық өнеркәсібі» ЖШС Алакөл филиалы директорының балық аулау жөніндегі орынбасары Мұратхан Оразымовтың хабарлауынша, жақын күндері тағы екі партия «жас қоныстанушылар» осы көлдің азық-түлік қоры мол, жылытылған суларына келіп түседі және кішкентай балаңқұрттан өнеркәсіптік үлкен сазан балықтары болып шыққанынша өздерінің өмірлік циклын бастайды. Басшының айтуынша, инкубациялық цех мамандары көктемде ілкімді қимылдады. Институттың аға ғылыми қызметкері Елена Данько өзендерді балық қорларымен толтықтырудың, ауданда жұмыс жасайтын екі балық зауыты үшін мықты шикізат базасын жасаудың маңызы…

0
0
485

Халықаралық балаларды қорғау күні Катермен таңғажайып серуен жасау

2014 ж. 1 маусымында ҚР Үкіметі, БҰҰДБ және Samsung Electronics Central Eurasia – нің «Электрондық қалдықтарды басқару» бірлескен жобасы балалар мен олардың ата – аналарына арналған экологиялық–ағарту акциясын – Есіл өзені бойымен әдеттен тыс серуен ұйымдастырады. Шараның басты мақсаты – электрондық қалдықтардың зияны мен бұзылып, жарамсыз болған не пайдаланылмайтын ұялы телефондар, батареялар, зарядтайтын құрылғыларды, яғни үйде қордаланып қалған жұмыс істемейтін не ахлақтық тұрғыдан айтқанда көнерген ұсақ электрониканы, экологиялық қауіпсіз түрде кәдеге жаратудың қажеттілігі жайлы халықтың хабардарлығын арттыру. Ұйымдастырушылардың пікірі бойынша, мектеп қабырғасынан бастап – ақ өскелең ұрпақ бойында экологияшыл әрі қоршаған ортамен ұқыпты да жауапкершілікке толы қарым – қатынас жасауды…

0
0
368