Браконьерлікке қарсы күрес шаралары жөнінде
2014 жылдың 30 мамырында «Охотзоопром»» РМҚК Қызылорда ТП-нің инспекторлары киіктерді қорғау рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылының Богдок аумағында УАЗ-Патриот автокөлігін мінген Ресей Федерациясының азаматтары Байқоныр қ. тұрғындарын ұстады.
Тексеріс барысында 12 калибірлі тегіс ұңғылы бір ұңғылы аңшы мылтығы, 12 калибірлі 26 оқ, пышақ және атылған киік табылды.
Ұсталғандар Жалағаш ауданының ІІД жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізуде.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі
