Мазмұнға өту
dvdkzokz

dvdkzokz

Сайтта 2014 ж. 24 қыркүйек

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

508

пікірлер

0

тіркелуші

4

жазылымдар

0

Қызылордада тәртіп сақшыларының ұйымдастыруымен «Өз өміріңді көркемде!» акциясы өтуде

Есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек алуын болдырмау мақсатында республика көлемінде «Өз өміріңді көркемде!» акциясы өтуде. Аталған акция шеңберінде 2015 жылдың 30 қазанында сағат 15.00-16.00 аралығында Қызылорда қаласының орталық алаңынан бастап, қала көшелерін аралай отырып, автокөліктер шеруі жүріп өтетін болады. Шара одан кейін 31 қазанда жалғасын тауып, сағат 15.00-16.00 аралығында Қызылорда қаласының орталық алаңынан бастау алып, А.Тоқмағанбетов атындағы Мәдениет үйіне дейін (Желтоқсан, одан кейін А.Тоқмағанбетов көшелерімен жүре отырып) жаяу шеру жүріп өтеді. Шеруге қаладағы барлық орта, арнаулы орта, жоғары оқу орындарының білім алушылары, медицина саласының қыз…

0
0
395

Қызылордалық полицейлер ардагер журналиспен кездесті

Ағымдағы жылдың 27 қазанында Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, журналистика саласының ардагері Қажы Қорғанұлымен кездесу жиыны ұйымдастырылды. Аталған жиынға ОІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Пейсов, Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Желілік ішкі істер бөлімі, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастықтары, Ішкі істер департаменті басшылығы, сала ардагерлері, жеке құрам қатысты. Өзінің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында кездесуге келген Қажы Қорғанұлы 30 жыл бойы телеарнада ішкі істер органдарының қызметін кеңінен жариялап, «Эфирде - 02», «ГАИ экраны» сияқты теледидарлық бағдарламалардың жүргізушісі болды. Сонымен қатар, ішкі істер органдарының ауыр да жауапты жұмысы тақырыбында қалам сермеп, «Қазақстан жол…

0
0
453

Қызылордалық полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған азаматшаны аман алып қалды

Полицейлердің қырағы жұмыстарының нәтижесінде көп қабатты үйдің шатырынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған 21 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны құтқарылды. Ағымдағы жылдың қазан айының 20-ында полицияның кезекші бөліміне облыс орталығындағы көпқабатты үйдің шатырынан жас қыздың секіруге әрекет жасап жатқандығы жайлы хабарлама түседі. Дереу әкімшілік аймақ көлемінде барлау жұмыстарын жүргізіп жатырған полиция қызметкерлері, атап айтқанда Қызылорда ҚІІБ-ның Әкімшілік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Ғ.Оразбеков пен Д.Сұлтанбекұлы және Ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Б.Тобагабылов оқиға орнына жетіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды райынан қайтару мақсатында келіссөздер жүргізіп, үйдің шатырынан түсіріп алады. Оқиға орнына жәдел жәрдем шақырылады. Азаматшаның…

0
0
256

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасының 10 күнінде табиғат заңнамасын бұзғандарға 1 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

2015 жылдың қазан айының 05-25 күндері аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараға барлығы 34 мобильдік топ құрылып, 324 күш-құралдар жұмылдырылды. Шараның 10 күнінде облыс бойынша барлығы 120 экологиялық заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде, заңсыз ағаштар мен бұталарды кесудің – 7, заңсыз аң аулаудың – 49, заңсыз балық аулаудың – 32, азаматтық қаруды тасымалдау, сақтау ережесін бұзудың – 32 дерегі тіркелді. Анықталған 110 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі бойынша 733 мың 880 теңге көлемінде айыппұлдар салынды. Заңсыз аң, балық аулаумен және заңсыз бұталар мен ағаштарды кесумен ұсталған 14 автокөлік тәркіленіп, айып алаңдарына жеткізілді. Аталған мерзімде барлығы 11 қылмыстық іс қозғалып, 1 қылмыстық іс сотқа жолданып, қалған 10-ы бойынша сотқа…

0
0
435

Қызылордада «Браконьер» жедел-профилактикалық шарасының 3 күнінде 20-ға жуық құқық бұзушылық пен 5 қылмыстық іс-әркет анықталды

Браконьерлікті, биологиялық ресурс объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, экологиялық қылмыстарды ашу мақсатында 2015 жылдың 5-25 қазан аралығында облыс көлемінде өткізіліп жатырған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасының 3 күнінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың барлығы 14 құқық бұзушылық фактісі анықталды. Оның ішінде заңсыз балық аулау дерегі бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы) - 4, заңсыз аңшылық дерегі бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы) - 2, жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау дерегі бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы) – 2, азаматтық, қызметтiк қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзу дерегі бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы) – 1 құқық бұзушылық анықталды. Соным…

0
0
487

Қызылордалық полицейлер «Заңсыз келуші-2015» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады

Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті Қызылорда облысы мен Байқоныр қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті және шекара қызметінің 2019 әскери бөлімімен бірлесіп, 2015 жылдың қыркүйек айының 28-і мен қазан айының 2 күні аралығында облыс көлемінде «Заңсыз келуші-2015» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шара нәтижесімен облыс көлемінде шетел азаматтармен жасалған 1033 құқық бұзушылық анықталып, елден тыс жерлерге 60 шетел азаматы шығарылып, жеке басын анықтау үшін қабылдау тарату орнына 59 азамат қамалды. Сонымен бірге, шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан және ҚР-да болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген Қазақстан Республикасының 102 жеке және заңды тұлғалары әкімшілік жауапқа тартылды. Қазақстан Республикасы аумағынан шығарып жіберу туралы сот ше…

0
0
329

Жыл басынан бері 6378 көлік құралдары тіркеуге алынды

ОІІД Әкімшілік полиция басқармасы тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімшесімен көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеуге алу бойынша халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандартқа сәйкес жүргізілуде. Қызылорда қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысын 2015 жылдың наурыз айынан бастаған болатын. Аталған орталықпен бүгінгі күнге дейін 6378 көлік құралдары тіркеуге алынып, 4635 көлік құралдары есептен шығарылған. Сонымен қатар, есепті мерзімде 1247 азаматқа жүргізуші куәліктері берілді. Осы уақыт аралығында көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемденудің 2 дерегі, көлік құралдарының агрегат нөмірлерін қолдан жасаудың 3 дерегі және жасанды тіркеу куәлігін жасаудың 1 дерегі анықталып, тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу үшін тиісті қызмет салаларына жолданды. Еураз…

0
0
265

Жыл басынан бері «Интеллектуалды қиылыс» арнайы техникалық құрылғысы арқылы 2964 жүргізушіге айыппұл салынды

Заман талабына сай жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты қала орталығындағы Қорқыт Ата – Яссауи көшелері, Қорқыт Ата – Байтұрсынов көшелері, Желтоқсан – Тоқмағанбетов көшелері, Желтоқсан – Мұратбаев көшелері, Мұратбаев – Абай даңғылы көшелері, Жібек Жолы – Бейбарыс көшелерінде «интеллектуалды қиылыс» және «Red Speed» жылдамдық өлшегіш арнайы техникалық құрылғылары жұмыс жасайды. Бұл құрылғылардың ерекшелігі – жол-көлік оқиғаларының орын алуына әкеп соқтыратын түрлі сипаттағы құқық бұзушылықтарды анықтауға ықпал етеді. Атап айтқанда: - Тоқтау сызығын бағдаршамның тыйым салынатын белгісіне өтіп кету. Аталған құқық бұзушылықты жасаған жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы, 1-бөлігімен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінд айыппұл салынады. - Бағдаршамның тыйым салынған белгісіне жүру. Ата…

0
0
769

Қозғалыстың жас инспекторлары рейдке шықты

Қызылордалық полицейлер облыс көлемінде өткізіліп жатырған «Абайлаңыз – балалар!» атты жедел профилактикалық іс-шарасы аясында қозғалыстың жас инспекторларымен біріге отырып жол қозғалыс ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, көрнекі үгіт-насихат құралдарын таратты.

Облыс орталығындағы №101 мектептің алдында орналасқан реттелетін жол қиылысынан Қозғалыстың жас инспекторлары балалардың қолдарынан ұстап қалай дұрыс өту қажеттігін көрсетіп өткізді.

Жол-көлік жарақатының профилактикасына бағытталған көрнекі үгіт-насихат құралдарын облыс орталығындағы қоғамдық көліктердің салондарына жабыстырып, жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақыратын үнпарақшалар таратты.

Аталған шара қыркүйек айының 10-на дейін жалғасатын болады.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

0
0
547

Қызылордада «Құқық тәртібі» шарасының 2 күнінде 1400-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Ағымдағы жылдың тамыз айының 24-28 күндері аралығында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп, жұмыс барысы күшейтілген жүйеге көшкені белгілі. Аталған іс-шараға ІІО-ның жеке құрамы жұмылдырылып, іс-шараның 2 күнінде барлығы 1355 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жол-көлік оқиғасына тікелей септігін тигізетін өрескел жол қозғалыс ережесін бұзу фактілерінің бірі – автокөлікті мас күйінде басқарған 22 жүргізуші анықталса, қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік басқарған 310 жүргізушіге, ұялы телефонмен сөйлесіп көлік басқарған 210 жүргізушіге, жылдамдықты шамадан тыс…

0
0
343