Бейбіт күнде ерлік көрсеткен тәртіп сақшыларын Қызылорда облысы әкімі марапаттады
Ағымдағы жылдың 16-20 қарашасы аралығында Қызылорда облысында ұйымдастырылып жатырған «Қазіргі заман қаһарманы» республикалық акциясы аясында қызметтік міндеттерін өтеу барысында жанқиярлық танытып, бейбіт уақытта ерлік жасаған 15 тәртіп сақшысынан, ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері мен Алматы қалалық ІІД-нің ансамблінен құралған делегация Сыр өңіріне ат басын тіреп, облысымыздың барлық аудандарын аралап, кездесу жиындарын ұйымдастырған болатын. Қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталған аталмыш акцияның соңғы күні Қызылорда қаласында өтті. Ағымдағы жылдың 20 қарашасында «Қазіргі заман қаһарманы» акциясының қатысушылары мен сыр сақшылары Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің ауласына жиналып, қызметтік міндетін өтеу барысында қаза тапқан қызметкерлердің аты қашалып жазыл…