Қызылордада полицейлер қарақшылық жасаған үш азаматты «ізін суытпай» құрықтады
Қызылордалық полицейлердің ұйымдасқан жедел әрекеттерінің нәтижесінде 15 минут көлемінде қомақты ақшасы бар ойын автоматын ұрлаған 3 азамат құрықталды Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында сағат 05.35 шамасында Жедел басқару орталығының 102 арнасына Тоқмағамбетов көшесі бойында орналасқан дәріханалардың бірінде кезекшілік атқарып отырған күзетшіден хабарлама келіп түседі. Аталған хабарламада дәріхананың кіре-беріс бөлмесінде орнатылған ойын автомат терминалын беттеріне медициналық маска киген бейтаныс үш азамат көтеріп алып кеткендігін, алайда оларды тоқтатуға әрекет жасалғанда тапаншаға ұқсас зат ұстаған үш азаматтың біреуі «айтсаң өлтіріп кетемін» деп қорқытқандығы көрсетілген. Аталған хабарлама бойынша, Жедел басқару орталығының кезекші-инспекторы полиция лейтенанты Есілбайқызы Тамаша Қазыб…