Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордада «Заңсыз келуші-2017» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

Қызылорда облысы ішкі істер департаменті және басқа да құзырлы органдардың бірлесіп ұйымдастыруымен 2017 жылғы 2-4 қазан аралығында  облыс аумағында «Заңсыз келуші-2017» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында облыс көлемінде шетел азаматтарымен жасалған 715 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Көші-қон заңнамаларын бұзған 14 шетел азаматы республика аумағынан аластатылды.

Өзбекстан Республикасының 7 азаматына қатысты ҚК-тің 393-бабы (сот шешімдерін орындамау), сонымен қатар Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін 1 Өзбекстан Республикасының азаматына ҚК-тің 392-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Сонымен бірге шетел азаматтарының тіркелуін қамтамасыз етпеген үшін 46 жергілікті азаматына Қазақстан Респубкасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 518-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Рұқсаты жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдаланғаны үшін 23 азамат ҚР ӘҚБтК-тің 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

36 шетелдіктің Қазақстан Республикасы аумағында болу мерзімдері қысқартылса, жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 22 азамат қабылдау-тарату орнына жеткізілді.

Қызылорда облысының ІІД баспасөз қызметі

 
0
0
581

Осы тақырып бойынша