Өсербаев көшесі бойында орналасқан үйлердегі жағдайды қалыпқа келтіру үшін аталған аумақта күшейтілген жүйеде жұмыс жүргізілуде
Жергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен Өсербаев көшесінің бойында орналасқан пәтер тұрғындарымен кездесу жиыны өткізілді. Жиын барысында Қалалық ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция майоры Ермек Құдайбергенов осы мәселеге қатысты тұрғындардың арыз-шағымдарын тыңдап, өткен жиыннан бері, яғни 10 күндікте атқарылған жұмыстар жайын сөз етті. Қазіргі таңда аталған аумақта, яғни Өсербаев көшесінде күндізгі уақытта 2 учаскелік полиция инспекторы, түнде 5 учаскелік полиция инспекторы күшейтілген жүйеде қызмет атқаруда. Учаскелік полиция инспекторларымен және құзырлы органдармен бірлескен түрде тексеру жұмыстары жүргізіліп, есепті мерзімде заңсыз жалға берілетін 21 пәтер анықталып, олар бойынша Қызылорда қалалық кірістер басқармасына ұсыныстар жолданды. Соныме…