Мазмұнға өту
deptruda-sockst

deptruda-sockst

Сайтта 2017 ж. 28 наурыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

1 914

пікірлер

0

тіркелуші

7

жазылу

1

Құқықтық білім беру мектебі

2017 жылы 05 сәуірде 2017 жылға арналған құқықтық білім беру мектебінің жоспарына сәйкес Департаменттің қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі» тақырыбында жалпыға міндетті құқықтық оқыту өтті.

0
0
943

«БЖЗҚ» АҚ-ның Қостанай облыстық филиалында «Зейнетақы жүйесі қалай қалыптасты?» тақырыбында Ашық есіктер күні өтті

1

Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселесі бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмысы жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмыстың шеңберінде 2017 жылы 31 наурызда  «БЖЗҚ» АҚ-ның Қостанай облыстық филиалында «Зейнетақы жүйесі қалай қалыптасты?» тақырыбында Ашық есіктер күні өтті.

Іс-шараның мақсаты: 3 деңгейлі зейнетақы жүйесі туралы ақпаратты халыққа түсінікті тілмен жеткізу,  есеп айырысу мен мысалдарда зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аудару маңыздылығын көрсету.

Ашық есіктер күні жұмысына департаменттің әлеуметтік мәселелер жөніндегі басшысының орынбасары А.Қ.Сатаева қатысты.

0
0
367

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылым қолжетімділігін құру мәселесі бойынша брифинг

Ағымдағы жылдың 30 наурызында департамент басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбеков қатысқан, Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының брифингі өтті. Департамент басшысы сөйлеген сөзінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін объектілерді бейімдеу сапасы, бақылау функциялары шеңберінде Департаменттің жүргізіп жатқан жұмысы туралы мәселелерін қозғады. Мүгедектердің барлық санаттары үшін қол жетімді, кедергісіз орта құру бойынша міндет 2015 жылдың басында Қазақстан ратификациялаған мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы мен «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының 25 бабында тікелей көрсетілген. М.Т.Мұратбеков департаментпен 2015 жылдан бастап 60 тексеру жүргізілгенін хабарлады. ҚР ӘҚтК 83 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік…

0
0
615

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін құру мәселесі бойынша кеңес

2017 жылы 18 наурызда сағат 10:00-де «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасында мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция ережелерін (20.02.2015 жылы ратификацияланды) іске асыру мақсатында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбеков мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін құру мәселесі бойынша (бейнебайланыс арқылы) кеңеске қатысты. Сонымен қатар кеңеске «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтар мен бизнес - қоғамдастықтардың өкілдері, мүгедектердің мәселесі жөніндегі облыс әкімдерінің кеңесшілері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, кө…

0
0
623

Қостанай облысының әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың сапалы жүргізілуіне мониторинг бойынша жұмыс жалғастырылуда

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінің (2016 – 2018 жылдар) негізгі бағыттарын іске асыру және Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кеңес отырысының хаттамалық тапсырмасының шеңберінде мүгедектерді оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері бойынша Департаментпен мүгедектердің мұқтаждықтарына объектілерді бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың сапалы жүргізілуіне бақылау бойынша жұмыс жалғасуда. Сонымен, Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері 2016 жылға бейімдеуге жататын, Қарасу ауданындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне мониторинг жүргізді. Мониторинг жүргізу барысында 17 нысан тексерілді және атқарылған жұмыстарда ұсақ кемшіліктер аны…

0
0
599

«Қостанай облысының өңірлік брендін» анықтау жөніндегі байқау

Қостанай облысының ішкі саясат басқармасы мен «Келешек» ҚҚ бірлесіп, ағымдағы жылдың 14 наурызында «Қостанай облысының өңірлік брендін» анықтау бойынша байқау жариялады. Аталған байқаудың мақсаты үздік ұсынысты ашық байқау жолымен өңірлік брендті анықтау және жасау, Қазақстанда және шетелде Қостанай облысының имидждік тартымдылығы мен танымдылығын арттыру болып табылады. Аталған байқауға заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар шектеусіз қатыса алады. Байқаудың жүлде қоры 800 теңгені құрайды. «Қостанай облысының өңірлік брендін» анықтау жөніндегі байқаудың ЕРЕЖЕСІ І.Жалпы ережелер Осы Ереже «Қостанай облысының өңірлік брендін» анықтау жөніндегі байқаудың тәртібі мен шарттарын анықтайды (бұдан әрі – Байқау). Байқаудың құрылтайшысы «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ болып табыл…

0
0
736

2017 жылы «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» атты конкурс өткізу туралы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен жыл сайын «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» атты республикалық конкурс өткізіледі. Әлеуметтік жобаларды іске асырудың негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі адамдарға, өмірлік қиын жағдайда жүрген егде жастағы адамдарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға және басқа да халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету болып табылады. Жобаға қаржыландыру көздеріне қарамастан халықтың әлеуметтік қорғау жүйесі шеңберінде қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымы, өзге мекемелер мен ведомствалар, жеке тұлғалар және үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады. Конкурсқа ұсынылатын жобалар, келесі критерийлер бойынша бағаланатын болады: жобаның әлеуметтік маңыздылығы; жобаны негіздеу өзектілігі; өмірлік қиы…

0
0
579

Көз дәрігерлер қоғамының семинар-кеңесі

Ағымдағы жылдың 15 наурызында Қостанай облыстық офтальмологиялық аурухана базасында көз дәрігерлер қоғамының семинар-кеңесі өтті. «3 жыл ішінде облыста көз аурулары бойынша мүгедектікті талдау» тақырыбындағы баяндамамен №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Б.М.Досмұхамбетова сөз сөйледі. Сонымен қатар қатысушылар «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі №754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы ақпараттандырылды мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесіне жаңа іс-шаралар енгізілді. Кездесу белсенді және сындарлы арнада өтті. Барлық қызықтыратын сұрақтарға толы…

0
0
520

Ақпараттық — түсіндіру жұмысы

1

2017 жылы 13 наурызда ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында Қостанай ауданының халқына №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А.А.Әбдіқадырова, бас маман Ж.Т.Сағитова, жетекші маман Н.В.Герлах және Қостанай ауданының «ХҚКО» бөлімінің мамандары кездесу өткізді.

Кеңес алу үшін мамандарға 24 адам жүгінді, негізгі сұрақ зейнетақы төлемдерін есептеу тәртібіне арналды, сонымен қатар жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыны ресімдейтін әйелдер кеңес алуға жүгінді.

0
0
377

Мемлекеттік қызметшілермен аттестаттаудан өту мәселелері бойынша семинар

2017 жылы 15 наурызда "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттау кезінде әңгімелесуден өтуді түсіндіру мақсатында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті: ««Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне аттестаттауды өткізудің кейбір мәселелері» тақырыбында кездесу өткізді. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттау кезінде әңгімелесуден өтудің кейбір мәселелерін түсіндіру жөнінде семинар-кеңесте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қост…

0
0
181