Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылым қолжетімділігін құру мәселесі бойынша брифинг

Ағымдағы жылдың 30 наурызында департамент басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбеков қатысқан, Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының брифингі өтті.
Департамент басшысы сөйлеген сөзінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін объектілерді бейімдеу сапасы, бақылау функциялары шеңберінде Департаменттің жүргізіп жатқан жұмысы туралы мәселелерін қозғады. Мүгедектердің барлық санаттары үшін қол жетімді, кедергісіз орта құру бойынша міндет 2015 жылдың басында Қазақстан ратификациялаған мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы мен «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының 25 бабында тікелей көрсетілген.
М.Т.Мұратбеков департаментпен 2015 жылдан бастап 60 тексеру жүргізілгенін хабарлады. ҚР ӘҚтК 83 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 31 субъект тартылды, оның ішінде 12 – мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғалары, 16 шағын кәсіпкерлік субъектілері, 2 орта кәсіпкерлік субъектілері мен 1 ірі кәсіпкерлік субъектісі. Айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 7 млн. теңгені құрады. Мүгедектер барлық құқықтармен қамтамасыз етілуіне қарамастан, кәсіпкерлер барлық нормаларға сәйкес ғимараттарды жабдықтауға асықпайды және сылтауларды ойлап табады.
Сонымен қатар, бейімделу іс-шараларын жүргізу кезінде ҚР ЕЖ 3.06-101-2012 «Ғимараттар мен имараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау» Қазақстан Республикасының Ережелер жинағын басшылыққа алу қажеттігін атап өтті.
Барлық қойылған сұрақтарға Департамент басшысы М.Т.Мұратбеков толық жауап берді.
