ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қостанай облысының әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың сапалы жүргізілуіне мониторинг бойынша жұмыс жалғастырылуда

1

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінің (2016 – 2018 жылдар) негізгі бағыттарын іске асыру және Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кеңес отырысының хаттамалық тапсырмасының шеңберінде мүгедектерді оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері бойынша Департаментпен мүгедектердің мұқтаждықтарына объектілерді бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың сапалы жүргізілуіне бақылау бойынша жұмыс жалғасуда.

Сонымен, Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері 2016 жылға бейімдеуге жататын, Қарасу ауданындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне мониторинг жүргізді. Мониторинг жүргізу барысында 17 нысан тексерілді және атқарылған жұмыстарда ұсақ кемшіліктер анықталды.

Мониторинг қорытындысы бойынша объектілерге бейімдеу жүргізу кезінде құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес мүгедектердің барлық санаттары үшін бүкіл бейімдеу іс-шараларының кешенін қарастыру ұсынылды.