ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Көз дәрігерлер қоғамының семинар-кеңесі

1

Ағымдағы жылдың 15 наурызында Қостанай облыстық офтальмологиялық аурухана базасында көз дәрігерлер қоғамының семинар-кеңесі өтті. «3 жыл ішінде облыста көз аурулары бойынша мүгедектікті талдау» тақырыбындағы баяндамамен №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Б.М.Досмұхамбетова сөз сөйледі.

Сонымен қатар қатысушылар «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі №754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы ақпараттандырылды мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесіне жаңа іс-шаралар енгізілді.

Кездесу белсенді және сындарлы арнада өтті. Барлық қызықтыратын сұрақтарға толық жауаптар берді.