ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

2017 жылы «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» атты конкурс өткізу туралы

1

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен жыл сайын «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» атты республикалық конкурс өткізіледі.

Әлеуметтік жобаларды іске асырудың негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі адамдарға, өмірлік қиын жағдайда жүрген егде жастағы адамдарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға және басқа да халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету болып табылады.
Жобаға қаржыландыру көздеріне қарамастан халықтың әлеуметтік қорғау жүйесі шеңберінде қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымы, өзге мекемелер мен ведомствалар, жеке тұлғалар және үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.
Конкурсқа ұсынылатын жобалар, келесі критерийлер бойынша бағаланатын болады:
  1. жобаның әлеуметтік маңыздылығы;
  2. жобаны негіздеу өзектілігі;
  3. өмірлік қиын жағдайда болған халықтың қамтылуы, әлеуметтік қолдау көрсету түрлілігі, жобаны іске асырудан оңды нәтиженің болуы;
  4. ұсынылған құжаттарды, презентациялық материалдарды ресімдеу сапасы;
  5. 1 жылдан астам мерзімде жүзеге асырылған жобалар;
  6. жобаға қатысушылардың жас аралықтары шектелмеген;
  7. (3-5 минут) презентацияның ұзақтығымен слайд, ролик түрінде жобаның  презентациялық материалдарын құру;
  8. әлеуметтік жобаны іске асыруға меншікті қаражат салымының болуы.
Бағалауды шығару кезінде: жұрт алдында сөйлеу мәдениеті, жобаның уәжді негіздемесі, жобаны іске асырудан оңды нәтижелердің болуы, жоба шеңберінде халықты қолдаумен қамту, жобаның презентациялық сапасы.
Қатысушылардың  жасы шектелмеген, жобалардың презентациясы слайд және бейнероликтер түрінде жүргізілуі мүмкін.
Қосымша және толық ақпаратты алу үшін Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің телефонына 8(7142) 50 13 14 хабарласуларыңыз қажет.
Облыстық комиссиямен өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша үздік әлеуметтік жобалар конкурстың лауреаттары атақтарын беру туралы шешімді қабылдайтын республикалық комиссияға зерделеуге жіберілетін болады.