ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Мемлекеттік қызметшілермен аттестаттаудан өту мәселелері бойынша семинар

1

2017 жылы 15 наурызда "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттау кезінде әңгімелесуден өтуді түсіндіру мақсатында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті: ««Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне аттестаттауды өткізудің кейбір мәселелері» тақырыбында кездесу өткізді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттау кезінде әңгімелесуден өтудің кейбір мәселелерін түсіндіру жөнінде семинар-кеңесте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бас маманы А.С.Оспанова сөз сөйледі, қатысушыларға «100 нақыт қадам» Ұлт жоспарының 15 қадамында көзделген алдағы аттестаттаудың негізгі сәттері туралы түсіндірді.

Семинар барысында қатысушылар алдағы аттестаттау бойынша сұрақтар қойды, оған толық жауаптар алды.