Көру бойынша мүгедек қандай оңалту құралдарын ала алады
Жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасының нәтижелеріне және мүгедектің оңалту іс-шараларын жүргізуге қажеттілігіне байланысты МӘС бөлімшесі 088/у нысанында көрсетілген немесе ДКК қорытындысында көрсетілген оңалту іс-шараларының жоспарын ескере отырып медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер негізінде ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлейді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес көру бойынша мүгедектерге: - бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері беріледі; - бірінші және екінші топтағы мүгедектер, мүгедек-балалар тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етіледі: • тифлотаяқтар; оқу машиналары; сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук;…