Көру бойынша мүгедек қандай оңалту құралдарын ала алады
Жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасының нәтижелеріне және мүгедектің оңалту іс-шараларын жүргізуге қажеттілігіне байланысты МӘС бөлімшесі 088/у нысанында көрсетілген немесе ДКК қорытындысында көрсетілген оңалту іс-шараларының жоспарын ескере отырып медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер негізінде ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлейді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес көру бойынша мүгедектерге: - бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері беріледі; - бірінші және екінші топтағы мүгедектер, мүгедек-балалар тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етіледі: • тифлотаяқтар; оқу машиналары; сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук; Брайль жүйесі бойынша жазу құралы; Брайль жүйесі бойынша жазу грифелi; рельефті-ноқатты қаріппен жазуға арналған қағаз; дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефондар; дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейерлер; нашар көретін адамдарға арналған сағаттар; сөз шығаратын термометр; сөз шығаратын тонометр; тест жолақшалары бар сөз шығаратын глюкометр; брайль қарпін өз бетімен үйренуге болатын сөйлейтін құрал; Брайль бойынша алмалы-салмалы әліппе; көру қабілеті бұзылған 1,2 топтағы мүгедектерге арналған ине сабақтағыштар, тігін инелері; көру қабілеті бойынша мүгедектер зағиптар мен нашар көретін адамдар қоғамдарына Жарғыға сәйкес кіреді, көру қабілеті бойынша тек I-II топтағы мүгедектер бола алады, оларға мүгедектігі туралы анықтама негізінде мүшелік билет беріледі. Онда мүгедектік тобы және қолданылу мерзімі жазылады. Мүшелік билет қалалық қоғамдық көлікте тегін жүруге құқық береді.
