«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалында «Ашық есік күні»
2019 жылы 14 наурызда "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ Қостанай облыстық филиалында әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заңнамалық актілердегі өзгерістер, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, БЖТ төлеуші - азаматтар үшін артықшылықтар туралы "Ашық есік күні" өтті. Кездесуге барлығы шамамен 40 адам қатысты. 2019 жылы 1 қаңтардан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін бірыңғай жиынтық төлемді енгізу, 2019 жылғы 1 сәуірден бастап аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін АӘК тағайындау тәртібін өзгерту және 2019 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен бала кезінен 1-топтағы мүгедектерді күтуді жүзеге асыратын адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды арттыру мәселесі бойынша департамент басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары А. Сатаева сөз сөйледі.
