Тамара Дүйсенова «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның басшысы лауазымына тағайындалды
Дүйсенбі, 15 шілдеде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның ұжымына жаңа басшы Тамара Дүйсенованы таныстырды.Министр Т. Дүйсенованың әлеуметтік-еңбек саласындағы тиісті білімі мен мол тәжірибесін атап өтіп, бірінші кезекте тұрған бірқатар мәселелерді міндеттеді.«Тамара Қасымқызы әлеуметтік-еңбек саласын дамытуға елеулі үлес қосты, бүгінгі күні еңбек нарығының тиімділігі мен еңбек ресурстарының сапасын арттыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру және ел басшылығы қойған басқа да тапсырмаларды орындауда мол тәжірибесі бар», - деп атап өтті министр.Тамара Дүйсенова Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Әр жыл…