Еңбек министрлігі мен Chevron еңбек дауларына жол бермеу мәселелерін талқылады
Сәрсенбі, 3 шілде күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Chevron компаниясының Еуропадағы, Еуразиядағы және Таяу Шығыстағы барлау және өндіру жөніндегі президенті Тодд Левимен кездесті.Кездесу барысында Теңіз мұнай-кен орны жобасында қауіпсіздікті және қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.Бердібек Сапарбаев Chevron компаниясының елдің экономикалық дамуына және ірі әлеуметтік жобаларды іске асыруға қосып отырған елеулі үлесін атап өтті.«Теңіз кен орнында болған жағдай ерекше бақылауға алынған. Қазақстан Республикасының заң нормаларының сақталуы, кемсітушілікті болдырмау, қазақстандық және шетелдік мамандардың еңбекақысындағы айырмашылыққа және кез-келген еңбек жанжалдарына жол бермеу - ең басты мәселе», - деп, атап көрсетті Б.Сапа…