Мазмұнға өту
dauren84

dauren84

Сайтта 2019 ж. 30 қыркүйек

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

11

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылу

1

АРЫСТАН БАБ жəне ОТЫРАР қалашығы

Пəтуасына айналған, о, Тұранның,

Тақуасына айналған сопылардың,

Ассалаумағалейкум, бабтар бабы,

Арыстаны көнекөз Отырардың!

Маңғаз кейпі алыстан мұнарланып,

Күн көзіне кесенең тұр ауланып.

Қарақұрым қараша ел айналасы,

Бағыштаған өзіңе Құран барып.

Маң-маң басқан көліктер қос өркешті,

Қаз тізіліп барады көшеңде ескі.

"Арыстанды-Қарабас" желімен жай,

Ағаштарың иіліп есендесті.

Ер Тұранның иен дүз атырабы,

Қойнына алып өзіңді жатыр əні.

Мекке басып, болып сан шаһарларда,

Бұйырыпты Отырар топырағы.

Пір тұтарлар соншалық көп болғаны,

Шəкірт болуға əр ұлдың бопты арманы.

Құл Қожа Ахмет ұстазы, ардағы елдің,

Ассалаумағалейкум бабтар бабы!

Дәурен АЙМАНБЕТОВ

0
0
391

Кеме қалған

"КЕМЕ ҚАЛҒАН"Сан ғасырлық заманның кескіні енген,Қазығұртта есепсіз ескі белдер.Әулиелі мекенді - "Кеме қалған",Көзбен көрген артық, мың естігеннен.Киелі бел бойында "Кеме қалған",Әлемге аңыз, тарихы терең ол маң.Тіршіліктің бастауы - ҚазығұрттанТарау алған екен ең көне жолдар.Ұшар шыңға топан су жұтпай қалған,Тоқтапты кеп кемесі Нұх (а.с.) пайғамбар.Бүгіндері киесін Казығұрттың,Әлі күнге жүр кейбір ұқпай жандар.Мазалайтын бұл аңыз кімді-дағы,Шықпаса да толықтай шындығы әлі,Әлемдегі әзіргі пенде біткен,Қазығұрттан тараған сынды бәрі!Жетер ме екен ескінің уәжі жұртқа,Бөлінсек те нәсілге, қазір ұлтқа,Адамзаттың барлығы бауыр болар,Аталары өнген соң Қазығұртта.Болжам айтса ел өршиді расында дау,Дәлелдене ол бүгінде басылған-ау.Дүние есігі ашылған екінші рет,"Кеме қалған" Қазығұрт басында ана…

0
0
593

Созақ

Толық өтпей тарихтың мектебінен,Бейхабармыз кей таулар шөккенінен.Таң қалдырар сыр шерте абыздары,Парақтаса созақтық өткенін ел.Жайпақ таулар жайылған мекенді бұл,Небір аңыз жайлаған екен бұрын.Қарт Қаратау Созағына ақын біткен,Арқаланып төкпеген бекер жырын!Әр қазақтың төрінде күй құралы,Қонақ болсаң кезекпен үй тұрады.Бағзылардың иісі сіңген жұрты,Қона қалсаң бір жеті сый қылады.Тұнық келген халқының жан-жүйесі,Сол мекеннің расында бар киесі.Оған дәлел төсінде ғұмыр кешкен,Қара бура, Шашты əзіз әулиесі.Бірі болып таныған құдайды ерте,Ақбөкені мыңғырған шырайлы өлке.Балбалтасқа соғыла үн шығарар,Сазды, назды самалы ұнайды ерке.Бар тұсының ізі бар шақтың өткен,Дүбірі бар жау қуған аттың өткен.Осы жерде Оғыздар орда тігіп,Массагеттік бір кезгі Сақ күнелткен.Жартасында ескіше сөйлем өрген,С…

0
0
454

Қаратау тақсіреті

Заманында басыңнан көш ағылған,Қаратауым, мұңлы әлі неше әнің бар?Таңдандырып барады бойыңдағы,-Қорғандарға айналған бос ауылдар.Шөккен сонша обасы, моласы көп,Сүйектерге шашылған қарашы кеп.Үңгірлерің үрейді туғызады,Жасырғаны, білмеймін, не қасірет.Ақ тақияң қайда екен, тұрар қардан,Аңың қайда, құлатар қыран жардан?Әжімденген келбетің ойландырды,Тұрушы еді биіктер шынарлардан.Әзір өлмес, баба-тау, сертіңдесің,Талай дәуір көшсе де кертілмесің.Тастарыңа қарасақ таңбаланған, Өткеніңнен тарихың шертуде сыр.Қиял қуып, келе ме сөз бастағым,Құзар шыңнан етекке көз тастадым...Елестеттім, бас кесер жауларыңның,Тастап кетіп жатқанын өз бастарын.Елестеттім. Бейбіт ел тұрғындарын,Батырларын, ерлікті ту қылғанын.Алдынғы өмірде осында сүргендейін,Есіме сап, өткеннің тұрмын бәрін.Есіме сап, өткеннің т…

0
0
381

Жылаған ата

Тәуелсіздіктің тойынан сыбағалата,

Өзіңе барам жақында, Жылаған ата!

Ғұсылымды алып, Аллаға сиынып, сенен,

Алып кетейін оқыған дұғама бата.

Қожыр да қожыр тасты жол, бұралаң белді,

Көрсем ғой деймін көзіммен жылаған жерді.

Кереметтерін Қаратау тамсана айтып,

Өзіңнен кеше елпілдеп бір ағам келді.

Төсінде жатқан Түркістан уәлиятының,

Аңызды мекен көп екен табиғаты - гүл.

Тарихын зерттеп болмады ғалымдар әлі,

Ұңғи алсам ғой сыр толған, дариға, түбін.

Зиарат ету дұрыс па, бұрыс па, білмен,

Жете алмай жүрмін шыңыңа тырысқаныммен.

Тар жол, тайғақ кешпекпін желтоқсанда осы,

Барып қайтайын ауаңмен тынысталып мен.

Армандап тауды қоямын күнара жата,

Бетонды қалада жүре күнаға бата,

Тәуелсіздіктің тойында демалыс берер,

Мен сонда саған бет алам, Жылаған ата!

Дәурен АЙМАНБЕТОВ

0
0
461

Мақпалкөл мен Мақпал қыз

Терең-терең түспеп ем ойға бұлай,Бір көруге зар етіп қойғаны ма-ай.Мақпалкөлдей Өгемнің сылқымына,Жол жүрмекпін, күш берсін бойға құдай.Тамағыма қалғандай қылтық тұрып,Көрген сәттен суретін тым тұп-тұнық.Бала ғашық бір кезгі Мақпал қыздай,Мақпалкөл де барады ынтықтырып.Жолы жайсыз, бұралаң асқар белі,Кедергі емес, Арманым бастар мені!Қол жетпестей көріну керек сұлу,Жақын болса көрінген ластар ма еді!Тамсанбасам жүзіне – көз айыбы,Жырламасам таң қала – сөз айыбы.Бір де бір жыр жазбапты ешбір ақын,Мақпалкөлге – Оңтүстік ғажайыбы.Бас тартпаған арманнан – Ер екен-ді,Алда өткізер тосайын мерекемді!Бала ғашық Мақпалға жетпесем де,Мақпалкөлге жетуім керек енді.Аңыз қылып айтатын атын үнем,Атына сай ғажайып заты, білем!Күннен көзін қолымен көлегейлеп,Күтіп алсын саф ауа әтірімен.От пен суды апары…

0
0
1882

Сайрамсудағы трагедия

Алқынып асау толқыны күшті екпінмен, Ағады екен ашумен Сайрамсуың.Алдын мұнда келмегем, түспеппін мен, Құлағымды жарардай, қайран шуыл.Суы тастай, ұстасаң қол қақсайды,Қойтастарға соғыла қатты ағысы.Қайда асығып, шіркінің жол бастайды,Қожыр-қожыр Өгемнің мақтанышы?Тәңіртаудан тараған мың шатқалдар,Дермісің-ай, Сайрамсу таудың жасы.Алғаш оған сүйсіне жұмсақ болғам,Қайтар шақта жек көріп қалдым, расы.Шомылғанның қалатын көбі кетіп,Аққандары қайтадан шықпаған кеп.Көзімізше жас бала ағып өтіп,Һәм жұтылды, бір кісі құтқарам деп.Мұздай судан дірдектеп отырған біз,Қалтырадық жағада одан бетер.Гүрілдеген қылмыскер, шоқынған құз,Енді маған бұл жаққа жолау бекер.Долы өзен-ай, ағатын жалаңдап ап,Жаратылысы осындай, түсінелік.Ұйықтасам тұрғандай маған қарап,Кеп тұрады Сайрамсу түсіме еніп.Дәурен АЙМА…

0
0
367