Серікбай қажы Ораз Мәскеуде Ресей мүфтиімен кездесті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бастаған делегация Ресей Федерациясына ресми сапармен барды.Сапардың бірінші күнінде еліміздің Бас мүфтиі Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдинмен кездесті.Кездесу барысында көршілес елдердің рухани-мәдени, діни саладағы қарым-қатынасы сөз болды. Қазақстан мен Ресей мұсылмандары Діни басқармалары арасындағы әріптестік байланыстың нығайып келе жатқандығы айрықша аталды. Тараптар әңгіме барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен наурыз айында өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы жайлы пікір алмасты. Серікбай қажы Ораз аталған халықаралық форум Орталық Азия мен Еуразия елдерінің дін қайраткерлерін ортақ мақсатқа үндеп,…