Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елордамыздағы мектеп түлектеріне арналған «Жолың болсын, жас түлек!» атты іс-шара өтті.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті мен «Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының ұйытқы болуымен «Жолың болсын, жас түлек!» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Аталмыш шараға, Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Д.Есин, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Н.Тағанұлы, Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының басшы м.а А. Аташев, Республикалық Ардагерлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Ө.Озғанбайұлы, сонымен қатар Астана қаласының білім ордаларын биыл тәмамдаған жас түлектер қатысты.

Елбасы атап өткендей қазақ елінің білімді жастары, өз соқпақтарын салып, оны елді дамытуға бастайтын даңғыл жолға айналдыруы тиіс. Осыған орай, шара аясында мектеп түлектеріне білім және ғылымның, қазақи тәрбиенің, елді, Отанды сүюдің маңыздылығы туралы айтылып, алда келе жатқан ҰБТ науқанына рухани дайындық жасауға және жақсы тапсырып, тамаша нәтиже көрсетулеріне тілектестік білдірді. 

Егеменді еліміздің ертеңі болатын жас ұрпақты жаңа өмірге жігерлендіріп, ақ батасын арнап, ақ жол тілеу үшін аталмыш шараға, тарих ғылымының Республикалық Ардагерлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары докторы Өмірзақ Озғанбайұлы қатысып, жаңашыл жастарды құттықтап, болашаққа ақ жол тіледі.

Сондай-ақ, мектеп бітіруші түлектерге ақыл-кеңесін айтып, болашақтарын жарқын, ұстанымдарын берік, мақсаттарың биік болсын деп тілек білдіргендердің қатарында Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин және «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы болды. 

#cipr

#ciprastana

КГУ "Центр исследования проблем религий акимата города Астаны"

Контакты: 8 7172 55 04 42

Телефон доверия: 2288

Web сайт: www.religii.kz

Instagram: cipr_astana

0
0
493

Осы тақырып бойынша