Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Министр: Екпеден бас тарту дінге байланысты емес

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтардың екпеден бас тартуының негізгі себептерін мәлімдеді.

«Біз зерттедік, екпеден бас тартудың басты себебі діни сенімдерге қатысты емес, негізінен екпенің салдары мен күрделенуі азаматтарды алаңдатады. Бұл ретте бізге толыққанды ақпараттар қажет, жүйелі түрде, тығыз жұмыс жүргізуіміз керек. Халықты ақпараттандыру үшін тиісті жоспар әзірленді және бұл проблема Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да елдерінде бар. Сондықтан біз бұл жұмысты халықаралық әріптестермен бірлесе жүргізетін боламыз»деп хабарлады министр үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу барысында.

«Біз адамдар екпеден бас тартқан кезде өз денсаулықтарын сақтау және қауіпсіздіктерін қорғаудан да алшақтап, жағымсыз жайттар орын алатынын көріп отырмыз. Азаматтар тиісті екпені алмағаннан кейін шетелге шыққанда қауіпті инфекциялар жұқтырып, алып келуде. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуіміз керек» дейді министр Елжан Біртанов.

#cipr

#ciprastana

КГУ "Центр исследования проблем религий акимата города Астаны"

Контакты: 8 7172 55 04 42

Телефон доверия: 2288

Web сайт: www.religii.kz

Instagram: cipr_astana

0
0
278

Осы тақырып бойынша

Министр: Екпеден бас тарту дінге байланысты емес - Yvision.kz