Қазақстанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ілгерілетудегі ағарту жобасын жұмыс тобы құрылды
2018 жылы 22 мамырда Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкеновтің төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен жаңа әлеуметтік бастамаларды ілгерілету жөніндегі ағарту жобасын әзірлеу жөніндегі Жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.
Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдардың, «Нұр Отан» саяси партиясының, ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің, жетекші жоғары оқу орындары мен зерттеу институттарының өкілдері енді. Атап айтқанда, жұмыс тобының құрамына ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының басшылары, сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» жобалар офисінің бас менеджерлері енгізілді.
Ағарту жобасы ҚР Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІ сессиясында берген тапсырмасына сәйкес әзірленуде.
Отырыс барысында жұмыс тобының мүшелерімен ағарту жобасының негізгі бағыттары, мазмұны бойынша ұсыныстар берілді.

#cipr
#ciprastana
КГУ "Центр исследования проблем религий акимата города Астаны"
Контакты: 8 7172 55 04 42
Телефон доверия: 2288
Web сайт: www.religii.kz
Instagram: cipr_astana
