Мазмұнға өту
cipr2013

cipr2013

Сайтта 2018 ж. 4 маусымКазахстан, Астана

Центр исследования проблем религий акимата города Астаны Приемная: 8 (7172) 55-04-38 Круглосуточный телефон доверия по вопросам религиозной консультаций: 2288 Цель деятельности Центра:

рейтинг

100

жазбалар

74

пікірлер

0

тіркелуші

8

жазылымдар

22

Астанада Ораза айт мерекесі өтіп жатыр

Бүгін – мұсылманша айтізбесі бойынша Шәууәл айының алғашқы күні. Яғни, күллі мұсылман қауымы үшін Ораза айт мейрамы. Осыған орай, ел мешіттеріндеекі рәкәғаттық Ораза айт намазы оқылды.Ұлық мерекенің ұлтымыз үшін жыл санап қадірі артып келе жатқандығы көңілге мол қуаныш ұялатады. Таң білінер-білінбестен мешітке ағылған халықтың қарасы биыл тіптен көп болды. Ораза айт намазын оқу үшін мешітке келген елордалықтардың көптігі соншалық, құлшылық ордасының атшаптырым ауласында иін тірескен жұрттың арасынан ине шаншар орын табылмады. Жиналған жамағатқа ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы Ораза айттың қадір-қасиеті мен осы күні атқарылатын салихалы амалдар жайлы мерекелік уағыз-насихат айтып, жиналған астаналық жұршылықты қасиетті мейрамме…

0
0
475

Дархан Кәлетаев: діннің оң әлеуетін халқымыздың бірлігін нығайтуға жұмылдыруымыз керек

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Атырау облысына жұмыс сапары аясында облыстық Дін істері басқармасының Ақпараттық-талдау орталығының жұмысымен танысып, өңірдегі мешіттерде қызмет жасайтын имамдармен кездесті.Кездесу барысында министр мешіт имамдарының уағыз айтуына назар аударды. Оның айтуынша, уағыздар «Уағыз айтудың бірыңғай тәртібінде» бекітілген қағидат бойынша жүзеге асырылуы тиіс.«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан БАҚ беттерінде сөйлейтін 44 имамнан тұратын арнайы пул қалыптасқан. БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде имамдар пулында бекітілген діни қызметшілер ҚМДБ-мен келісе отырып пікір білдірулері қажет деп санаймыз. Бекітілген тәртіп бойынша уағыз айтудың шеңберінен аспауларыңыз орынды болады деп санаймыз. Қоғамда дінге қатысты біржақты ж…

0
0
255

Дархан Кәлетаев Ақтөбе облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен отырысына қатысты

7 маусым күні Ақтөбе қаласында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің отырысына қатысты.Отырысқа өңірде тіркелген діни бірлестіктердің жетекшілері, жергілікті мемлекеттік орган басшылары мен мәслихат депутаттары қатысты.Дархан Кәлетаев дінбасылар алдында сөз сөйлеп, мемлекеттің дін саласындағы бастамалары мен заңнамалық өзгерістер туралы баяндады.Министрдің айтуынша, мемлекеттің діни бостандығын қамтамасыз ету саласындағы құқықтық базасы әлемдік демократиялық стандарттарға толықтай сәйкес келеді. Мұны осы бағытта зерттеу, тексеру жүргізетін халықаралық, құқықтық ұйымдар да, сарапшылар да растайды.Дін істері және азаматтық қоғам министрі заң жобасының нормалары дінді деструктивті мақсатта…

0
0
279

Дархан Кәлетаев дін саласында имамдармен бірлесе атқаратын жұмыстың алты бағытын атады

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев жұмыс сапармен Ақтөбе облысына барды.Сапар аясында министр алдымен облыс орталығынан 220 шақырым қашықтықта орналасқан Темір ауданына қарасты Кеңқияқ, Шұбарши ауылдарына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Онда Дархан Кәлетаев діни саладағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын түсіндіріп, халықпен пікір алмасты.Кездесу барысында министр дін саласындағы заңнамада бет-әлпетті жабуға тыйым салудың не себепті енгізіліп отырғанын айтты.«Бет-әлпетті жабу қазақ халқына жат. Бұл тарихымызда да, мәдениетімізде де болмаған. Сондықтан әйелдердің бет-әлпетін жабуын заңды түрде тыйым салып отырмыз. Бұл тұрғыда қоғамда дұрыс пікір бар, көпшілігі қолдап отыр», - деді Д. Кәлетаев.Сонымен қатар, Дін істері және азаматтық қоғам министрі мектеп…

0
0
227

Хабарландыру! Құрметті ата-аналар мен түлектер!

І. «Қала әкімдігі жыл сайын қаладағы мектеп түлектеріне, атап айтқанда жетім балаларға, бала кезінен мүгедектерге, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға, көпбалалы отбасының балаларынаеңбек нарығына қажетті мамандарды көптеп оқыту үшін әкімнің гранты бөлінеді».Алғаш рет 11 сыныптың 1000 түлегі үшін келесідегі мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарынан мемлекеттік тапсырыс бөлінеді: жалпы медицина, ІТ мамандар, инженерлік жүйе және желі, мектепке дейінгі оқыту жне тәрбиелеу, физика, биология, география, дефектология.Талапкерлердің өтініштері 2018 жылдың 1-7 тамыз аралығында қабылданады. «Астана қаласы білім басқармасы», 55-68-55, 55-68-56, 55-68-57, [email protected]ІІ. Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы Астана қаласындағы жұмыс бер…

0
0
771

«Нұр-Мүбәрәк» университетіне оқуға түсушілер үшін құжат қабылдау науқаны басталды

«Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті Университеті бакалавриат дәрежесі бойынша «Исламтану», «Дінтану», «Шетел тiлi: екi шет тiлi» (араб-ағылшын және ағылшын-араб тiлдерi) мамандықтары бойынша оқуға түсуге құжаттар қабылдайтынын хабарлайды. Орта мектепті бұрын бітірген түлектер үшін, сондай-ақ, өзге де орта арнаулы, жоғары білім ордаларының түлектері үшін 1 маусымнан 20 маусымға дейін құжаттар қабылданады.Шығармашылық емтихандары шілденің 8-і мен 13-не дейін, кешенді тестілеу шілденің 14-і мен 18-не дейін өткізіледі. Осы жылғы орта білім беру мекемелерінің түлектері оқуға ҰБТ-ның қорытындысы бойынша қабылданады. Колледж- медресе түлектері үшін оқуға түсу емтихандары екі бөлімнен тұрады. Олар: Қазақстан тарихы пәнінен емхихан тапсыру және ислам негіздері бойынша ауызша емтихан тапсыру.Қажет…

0
0
1727

Бас Мүфти Астанада тұрмысы төмен отбасыларға ауызашар берді

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ауызашар берді. 800 жанға арналып жайылған ақ дастархан басына Елордамыздағы тұрмысы төмен отбасылар, Қарттар үйінің ардагер ақсақалдары мен Балалар үйінің тәрбиеленушілері, түрлі қоғамдық ұйым мүшелері, ұстаздар қауымы мен журналистер, зиялы қауым өкілдері мен мұсылман мемлекеттерінің елшілері және ҚМДБ қызметкерлері мен мешіт жамағаты шақырылып, Бас мүфтимен бірге ауыз ашып, берекелі отырысқа қатысып қайтты.Берекелі Рамазан дастарханы аясында қасиетті Құран аяттары оқылып, дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеген тағылымды уағыздар айтылды. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бүгінгі ауызашар дастарханына жиылған жамағатқа өз алғысын білдіріп, Алла Тағала құзырында дәрежесі ерекше болған…

0
0
332

Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау жүйесі енгізіледі

«Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасының шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау жүйесі енгізіледі. Заң жобасы 31 мамыр күні Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында қабылданды.Қазіргі уақытта Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен бағалауды жүргізудің механизмдері сипатталатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыруды бақылау және нәтижелерін бағалау ережелері пысықталуда.Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау дегеніміз – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаларды іске асырудан алынған нәтижелерді талдау. Ол жобаның тиімділігін анықтау, тұрғындардың қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.Бағала…

0
0
375

Ауқымды шаралардың он күндігі

Мемлекетіміздің рухани тірегі болған дәстүрлі діннің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын насихаттау, рухани құндылықтарды жаңғырту және халықтың ұлттық санасын ояту арқылы теріс пиғылды діни ағымдарға қарсы күресу - күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе. Дін атын жамылған жат ағымдарды ажырата білуге және дәстүрлі емес діни ағым идеяларының таралуының алдын алуға бағытталған шаралар елордада өз жалғасын тауып, Астана қаласы әкімінің орынбасары Аманшаев Ермек Әмірханұлының жоспарлы тапсырмасына сәйкес, 2018 жылдың 4-14 маусым күндері аралығында Республикалық және Астана қаласы ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен ауқымды шаралардың он күндігі аясында кездесулер өткізілуде. Осындай мақсатпен, 2018 жылдың 4 маусым күні «Big Шанхай», «Көк базар» сауда кешені қызметкерлерімен жән…

0
0
234

Діни бірлестік өкілдері саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Қазақстанда 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 1997 жылдан бері жыл сайын атап өтіледі.Бұл күні елімізде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына дұға бағыштау, қаза болғандарды еске алуға арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі сияқты көптеген іс-шараларды өткізіледі. Еліміздің барлық мешіттерінде репрессия құрбандарын еске алу мақсатында жұма уағыздары оқылды. Бүгін кешкі ауызашар уақытында саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына арналып дұға оқылады. Сол бір зұлмат жылдарда жазықсыз қаза болғандарға арналып Қазақстанның Православие Шіркеуінің барлық ғибадатханаларында еске алу шаралары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Католик Шіркеуі мен…

0
0
328