Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Нұр-Мүбәрәк» университетіне оқуға түсушілер үшін құжат қабылдау науқаны басталды

«Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті Университеті бакалавриат дәрежесі бойынша «Исламтану», «Дінтану», «Шетел тiлi: екi шет тiлi» (араб-ағылшын және ағылшын-араб тiлдерi)   мамандықтары бойынша оқуға түсуге құжаттар қабылдайтынын хабарлайды. 

Орта мектепті бұрын бітірген түлектер үшін, сондай-ақ, өзге де орта арнаулы, жоғары білім ордаларының түлектері үшін 1 маусымнан 20 маусымға дейін құжаттар қабылданады.

Шығармашылық емтихандары шілденің 8-і мен 13-не дейін, кешенді тестілеу шілденің 14-і мен 18-не дейін өткізіледі. Осы жылғы орта білім беру мекемелерінің түлектері оқуға ҰБТ-ның қорытындысы бойынша қабылданады. Колледж- медресе түлектері үшін оқуға түсу емтихандары екі бөлімнен тұрады. Олар:  Қазақстан тарихы пәнінен емхихан тапсыру және ислам негіздері бойынша ауызша емтихан тапсыру.

Қажетті құжаттардың тізіміне өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы, Аттестаттың түпнұсқасы немесе диплом, фотосурет 3x4 (8 дана), 086-У және 063 нысанындағы медициналық анықтамалар кіреді. «Исламтану» мамандығына түсу үшін наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерден және бұрын сотталмағандығы туралы анықтамалар ұсынуы қажет.

Магистратура мен докторантураға арналған құжаттар 3-31 шілде аралығында қабылданады.

Қосымша ақпаратты «Нұр-Мүбәрәк» университетінің ресми сайтынан немесе 8 (727) 302-09-04, 302-09-43 телефондарына хабарласу арқылы алуға болады.

Айта кетейік, «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университеті - жоғары білікті исламтанушыларды, дінтанушы ғалымдарды, араб-ағылшын тілі филологтарын дайындайтын Қазақстандағы жалғыз университет болып табылады. Университет 2001 жылы Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы Үкіметінің арасында бекіген келісімнің негізінде құрылған.

Источник: religii.kz

Источник: КГУ "Центр исследования проблем религий акимата города Астаны"

Контакты: 8 7172 55 04 42

Круглосуточный телефон доверия по вопросам консультаций: 2288

Web сайт: www.religii.kz

Instagram: cipr_astana

0
0
1731

Осы тақырып бойынша