Жолда жүру ережелері мен автокөлікті жүргізу бойынша теориялық және практикалық емтихандарды қабылдау
Өздеріңіз білетіндей, республика тұрғындарының саны күн санап өсіп келеді, өмір сүру сапасы жақсарып, сәйкесінше, басқа факторлардан бөлек автокөлік иелері санының да тұрақты молаюы байқалады. Қазақстандық автокөлік иелерінің уақыты мен қаражатын айтарлықтай үнемдеу мақсатында арнайы халыққа қызмет көрсеті орталықтары – арнайы мамандандырылған ХҚКО ашылды. Мұндай ХҚКО-ның ерекшелігі – мұнда жүргізуші куәлігін алу, автокөлікті тіркеу және нөмірлік белгіні беру бойынша қызметті ұсынатындығында. ҚР Президентінің бастамасымен қолға алынған жоба көптеген бұлтартпас артықшылықтарға ие. Аталмыш орталықтарда төмендегідей қызмет түрлері көрсетіледі: 1. тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік нөмірлік белгіні бере отырып, автокөлік құралын тіркеу; 2. жолда жүру ережелері мен автокөлікті жүргізу бойынш…