Жүргізуші куәлігін дайындау және беру
Жаз маусымы келген сайын жолға қатысушылар саны артады. Біреулер рульга алғаш рет отырса,кейбіреулер мотоциклді жүргізе бастайды.Сондай-ақ автокөлікті не мотоциклді сатып алуды жоспарлап жүрген адамдар да бар және олар үшін ең бастысы авто-мотокөлікті басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігін алу болып табылады. Осы мақала А,В,С,Д, Е категорияларына жататын сондай-ақ трамвайды немесе троллейбусты басқару құқұғының жүргізуші куәлігін алу үшін және жол қозғалысына толыққанды қатысушы болу үшін жaсалатын әрекеттер жөнінде баяндайды.Жүргізуші куәлігін алу процесін шартты түрде мынандай кезеңдерге бөлуге болады:
1) Жол қозғалысының ережелерін оқу және көлік құралын жүргізуге үйрену;
2) Емтихан тапсыру;
3) Құаттарды жинау;
4) Құжаттарды тапсыру және жүргізуші куәлігін алу.
Теориялық Емтихан тапсырғанда жолқозғалысы ережелері мен жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты және оқу бағдарламасына қатысты көзделген басқа да пәндерден білім тексеріледі. Автоматтандырылған электрондық алаңында көлік құралын жүргізуге практикалық емтихан тапсырылады .Қазіргі уақытта жүргізуші куәлігі Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында беріледі.Жергілікті тұрғындар алысқа сабылмайды.Жүргізуші куәлігіне қажет барлық медициналық анықтамаларды сол орталықтан алады.Емтиханды тиісті жерде тапсырып өткен соң, дайын куәлікті алу қиындық туғызбайды. Сіздер бізді Тараз қаласы, Төле би даңғылы №198 А үй. Байланыс телефонымыз: 55-55-10.
Ж.Джакипбекова, А.Байсейтова
Мамандандырылған ХҚКО бөлімінің инспекторлары
