Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билетер және әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер алу мүмкіндігі
Аталмыш қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы №219 қаулысымен бекітілген. Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер және әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер беру Халыққа қызмет көрсету орталықтары және жергілікті әскери басқару органдары арқылы жүзеге асырылады, баламалы түрде. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарын толық тапсырған сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде әскери билет дайын болып қолына беріледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Әскерге шақыру кейінге қалдырылғанына байланысты әскери қызмет өткермеген 27 жасқа толғандарға қажетті құжаттардың тізілімі: - өтініш; -жеке куәлікті жеке басын сәйкестендіру үшін алып келесіз. Құжаттарды қабылданғаннан кейін қайтарылып беріледі. -әскери қызметке жарамдылық дәрежесі туралы қорытындысы б…